Жаңалықтар
БІЛІКТІ ХИРУРГТАР ОТА ЖАСАДЫ
Көпбейінді облыстық аурухананың директоры Жасұлан Баймаханов,хирургия жөніндегі орынбасары Ербол Серікұлы, анестезиолог Бақытжан Рсаев және ота мейіргері Айсұлу Бекқожаның қатысуымен тағы бір курделі ота сәтті жасалды.
ӨТ ЖОЛЫНА АНГЕГРАДТЫ СТЕНТ ҚОЮ ОТАСЫ ЖАСАЛДЫ
Көпбейінді облыстық ауруханаға 1948 жылы туған азаматша хирургия №2 бөлімшесіне жедел түрде "Механикалық сарғаю, ауыр дәрежесі " диагнозымен жатқызылған. Науқасқа 2 кезеңнен тұратын ота жасалды. Біріншісі тері бауыр арқылы жалпы өт жолын дренирлеу. Екіншісі жалпы өт жолын антеградты стенттеу оталары. Отаны аурухана директорының хирургия қызметі жөніндегі орынбасары Е.Серікұлы, ассистент хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Ә.Жалмағанбетов жасады.
ДӘРІГЕРЛЕР НАУҚАСТЫҢ БҮЙРЕГІН САҚТАП ҚАЛДЫ
Көпбейінді облыстық аурухананың Урология бөлімшесінде алғаш рет лапароскопиялық бүйрек резекциясы жасалды.
ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫН САҚТАУҒА ШАҚЫРДЫ
Республика көлемінде 25 қараша – 10 желтоқсан аралығында «Әйелдердің зорлық – зомбылығына қарсы 16 күндік белсенді іс-әрекеттер» акциясы жүргізілуде.
ҚЫЗЫЛОРДАДА БҮЙРЕК ТРАНСПЛАНТАЦИЯСЫ ЖАСАЛДЫ
Бүгін Сыр медицинасында тарихи сәт. Алғаш рет 25 жастағы еңбекке қабілетті азаматқа бүйрек трансплантациясы жасалды.
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ШТАТТАН ТЫС БАС КАРДИОЛОГІ ДӘРІС ОҚЫДЫ
Бүгін Көпбейінді облыстық аурухананың мәжіліс залында «Жүрек-қан тамыр сырқатына қауіпті топтар. Дислипидемия. Атеросклероз - өмірге қауіпті сырқат, алдын-алу. Қазіргі фармацевтикалық жетістіктер» тақырыбында дәріс өтті.
БІЗДІҢ ДӘРІГЕРЛЕР МАРАПАТ ТӨРІНДЕ
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Жаңа жылдың қорытынды салтанатты іс-шарасында бірқатар өз саласының үздік қызметкерлерін марапаттады. Денсаулық сақтау саласындағы адал еңбегі мен медицинаның нығаюына қосқан үлестері үшін көпбейінді облыстық аурухананың бір топ қызметкерлері марапат төрінен көрінді.
ҚҰРМЕТПЕН ЗЕЙНЕТКЕ ШЫҒАРЫП САЛДЫ
Бүгін Көпбейінді облыстық аурухана ұжымы әріптестері дәрігерлер Амангелді Қадырбаев пен Сартай Абдуллаеваны құрметпен зейнетке шығарып салды.
КӨП САЛАЛЫ АҚЫЛЫ БӨЛІМ СІЗДЕРГЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ
Көпбейінді облыстық ауруханада 30 орынды көпсалалы ақылы бөлім қызмет көрсетеді. Бөлім меңгерушісі — жоғары санатты дәрігер Измағанбетов Құламерген Асылбекұлы. Онда көз аурулары, терапиялық, хирургиялық, неврологиялық сырқаты бар жандар жатып ем қабылдай алады. Қажетті талдамаларды тапсырып, толық тексерулерден өте аласыз.
Көпбейінді облыстық аурухана жылды қорытындылады
«Көпбейінді облыстық аурухана – аймақ медицинасының қара шаңырағы. Мұнда елімізге белгілі білікті дәрігерлер қызмет атқарады. Мамандандырылған кәсіби қызмет көрсетуде әркез алдыңғы қатарда болыңыздар. Аймақ басшысының қолдауымен дәрігерлерімізді шет елде оқытатын боламыз. Аурухананың алға қойған жоспарларына қолдау білдіремін. Халыққа көрсетілетін медициналық қызметтің сапасы артуы қажет».
ЗЕЙНЕТКЕ ШЫҒАРЫП САЛДЫ
Бүгін Көпбейінді облыстық аурухана ұжымы әріптестері дәрігерлер Жақсылық Сәрсенбаев пен Ғабит Жұмабаевты құрметпен зейнетке шығарып салды.
БАУЫРДАН ЭХИНОКОКТЫ КИСТАЛАР АЛДЫ
Ауруханамызға түскен 1979 жылы туылған науқасқа дәрігерлер “Эхинококкоз ауруы. Бауырдың оң бөлігінің эхинококты кисталары” диагнозын қойды. Ультрадыбыстық зерттеу де бауырдағы 7, 8 см кисталар барын көрсеткен.
ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАҢА ПЕРИНАТАЛДЫҚ БӨЛІМ АШЫЛДЫ
Мереке қарсаңында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Қызылордадағы көпбейінді облыстық аурухана базасында 70 орындық перинаталдық бөлімнің ашылу рәсімі өтті. Бұл игілікті қадам арқылы сырбойылық аналардың денсаулығын қорғау бағытындағы жұмыстарға жаңа серпін берілмек.
ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАҒА ЖАҢА МРТ АППАРАТЫ ТАБЫСТАЛДЫ
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев көпбейінді облыстық аурухана базасында жаңа МРТ аппаратын іске қосу рәсіміне қатысып, қызылордалықтарды, дәрігер қыз-келіншектерді Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.
“НЕГІЗГІ МІНДЕТ — АНА МЕН НӘРЕСТЕ ӨЛІМІН ТӨМЕНДЕТУ”
Бүгін қаламызға Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын сақтау департаменінің басшысы Ембергенова Мағрипа Хамитқызы арнайы іс-сапармен келді. Көпбейінді облыстық ауруханада перинаталдық бөлімшелердің ашылуы салтанатына қатысып, бөлімшелер жұмысымен танысты.
12 МАМЫР — МЕЙІРГЕРЛЕР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Көпбейінді облыстық ауруханада кәсіби мерекеге орай салтанатты шара өтті. Жиналған ұжымды кәсіби мерекелерімен аурухана басшылары құттықтап, атқарып жатқан еңбектеріне ризашылықтарын білдірді.
20 мамыр – Бүкіләлемдік травматолог күні
ТӘЖІРИБЕЛІ ТРАВМАТОЛОГТАР
АЛҒАШҚЫ НӘРЕСТЕНІ ҮЙІНЕ ШЫҒАРЫП САЛДЫ
Көпбейінді облыстық ауруханада жаңадан ашылған 70 төсек орынды перинаталды бөлімде дүниеге келген алғашқы сәбиді үйіне шығарып салды.
МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
8-наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтау
ТЫЛ АРДАГЕРІН МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Көпбейінді облыстық аурухананың басшылығы ем алушы 97 жастағы қарияның жағдайын сұрап, 9 мамыр Жеңіс күнімен құттықтады.