Көп бейінді облыстық аурухананың миссиясы, мақсаттары, міндеттері, құндылықтары.
Көп бейінді облыстық ауруханасының миссиясы: Халыққа жоғары сапалы медициналық көмек көрсету
Көп бейінді облыстық аурухананың пайымдауы: Облыс тұрғындарына ұсынылатын медициналық қызметтердің сапасын арттыру үшін жағдай жасау
Көп бейінді облыстық аурухана қызметінің негізгі мақсаты: Қызылорда облысының халқына мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету болып табылады.
Көп бейінді облыстық аурухана келесі қызмет түрлерін орындайды:
1) еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасы, бозбала денсаулығы жағдайының сараптамасы (әскери медициналық) кәсіптік жарамдылық сараптама;
2) ересек тұрғындарға мына мамандықтар бойынша стационарлық медициналық қызметті көрсету және ұйымдастыру: невропатология, пульмонология, нефрология оперативті-гемодиализ, эндокринология, гастроэнтерология, гематология, кардиология, кардиохирургия, ревматология, стоматология (терапиялық және хирургиялық), травматология және ортопедия, комбустиология, офтальмология, отоларингология, хирургия (ініңді, амдоминалды, жалпы, торокалді, эндоскопиялық, нейрохирургиялық), акушерлік-гинекология, анестезиология-реаниматология,урология, токсикология, диетология (емдік тағамдар), емдік дене тәрбиесі, физиотерапия, плазмоферез, гибербариялық оксигенация, литотрипсия;
3) бастапқы (дәрігерге дейінгі) медициналық-санитарлық көмек: дәрігерге дейінгі медициналық көмек;
4) жедел және кезек күттірмейтін медициналық көмек: транспортпен тасымалдау кезінде медицина қызметкерімен апару, кезек күттірмейтін медициналық және жедел медициналық көмек;
5) диагностика түрлерін жүргізу және ұйымдастыру: зертханалық (бактериологиялық, биохимиялық, жалпы клиникалық цитологиялық), рентгенологиялық, фукционалдық, УДЗ, эндоскопиялық, микрореакция;
6) ересек тұрғындарға амбулаториялық-поликлиникалық медициналық көмек керсету: акушерлік және гинекологиялық, аллергология, емдік дене тәрбиесі, отоларингология, офтальмология, эндокринология, нефрология, невропатология, проктология хирургия, стоматология (терапия), терапия, нейрохирургия, урология, физиотерапия;
7) стационарды алмастыратын көмек (күндізгі стационар);
8) тұрғындарға мына мамандықтар бойынша медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру: парафинмен, емдік батпақпен, гидротерапия, бальнеология;
9) облыс халқының денсаулығын жақсарту бағытындағы республикалық, аймақтық медико-әлеуметтік бағдарламаларды орындауға қатысады;
10) калалық, аудандық, ауылдық, тұрғындарға мамандырылған медициналық көмекті көшпелі мамандырылған бригадалар немесе кеңес беру түрінде ұйымдастыру және жүргізу; науқастарға арналған алдын-алу немесе кеңес беру шараларын жүргізу;
11) салауатты өмір салтын, аурудың алдын алу шараларын ұйымдастыру және атқару;
12) қазіргі заманғы озық медициналық және медициналық емес құрал-жабдықтарды, аппаратураларды алу және мамандарды шетелдерге оқыту үшін жергілікті және халықаралық қайырымдылық қорлардың инвестициясын тарту;
13) дәріханалық жағдайда дәрі-дәрмектік нысандарды жасау, кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелеріне дәрі-дәрмектік заттарды, құралдарды, оның ішінде наркотиқалық, психотропты дерілерді және мобилизациялық резервті сақтау, дәрі-дәрмектерін жаңалап отыру;
14) созылмалы кеселмен ауыратын ауруларды реабилитациялық қалпына келтіру және сауықтыру шараларын ұйымдастыру;
15) емдеу-сауықтыру шараларды ұйымдастыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының алыс және жақын шет елдеріне клиникалық және ғылыми орталықтарымен қарым қатынас жасау, ғылыми-зерттеу институттарымен орталықтармен бірлесіп ғылыми жұмыстар жүргізу, анықсыз науқастарға кеңес алу үшін Қазақстан Республикасының ғылыми потенциалын тарту, Кәсіпорын тәжірибесіне медицина ғылымының жетістіктерін, диагностикалау мен емдеудің озық әдістерін енгізу, жаңа дәрілік заттарды сынақтан өткізу, еңбекті ғылыми ұйымдастырудың жаңа формаларын енгізу;
16) ауруханалык және ауруханадан тыс қызметкердің үйлесімді дамуын ұйымдастыру және біріктіру;
17) ақылы медициналық қызмет көрсетуді, оның ішінде медициналық оттегімен үзіліссіз қамтамасыз ету және дайын өнімді басқа емдеу және алдын алу мекемелерімен және медициналық емес мекемелерге сату мақсатында оттегі өндіру, ақылы медициналақ қызметті ұйымдастыруды жетілдіруді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізу;
18) медицина ұйымдардың медицина қызметкерлерін үздіксіз кәсіби дамытуын, сонымен қатар үздіксіз кәсіби дамудың бір бөлігі болып табылатын қосымша білім беруді қамтамасыз ету; дәрігерлермен орта буынды медицина қызметкерлерінің мамандырылуын және біліктілік деңгейін көтеруді, жоғарғы оқу орындарының және медициналық колледж студенттерінің дипломнан кейінгі дайындығын өткізу, оқуын ұйымдастыру;
19) адам денсаулығының жағдайын және кәсіпорын жұмысын айқындайтын медициналық-статистикалық ақпараттарды өңдеу және талдау;
20) ана мен баланың денсаулығын перинаталдық орталығы жағдайында сактау және жақсарту, ішкі аурулары бар бала көтеретін жастағы әйелдердің мониторингін жүргізіп, оларды әрі қарай емдеу жөнінде ауылдық жерлердегі емдеу алдын алу мекемелеріне ұсыну;
21) елді мекендердегі емдеу-профилактикалық мекемелерге ұйымдастыру әдістемелік және емдеу-профилактикалық жұмысына бағдар беру;
22) Кәсіпорында төтенше жағдайлар медицинасының жұмысын ұйымдастыру (ТЖМ);
23) халыққа мамандырылған медициналық көмектің көлемі мен түрін анықтауда мемлекеттік басқару органы бекітетін диагностика мен емдеудің стандарттарына (кезендік хатамаларға) сәйкес алдын алу, диагностикалық және емдеу қызметтерін қамтиды;
24) Кәсіпорынның қосымша қызметтерінің (коммуникация, лифт жүйесі, жылу орталығы, оттегі стансасы, кір жуу шаруашылығы, т.б.) үздіксіз, бірқалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
25) Оташылдық, биопсиялық және секциялық материалдарға, макро және микроскопиялық, қажетті жағдайда - бактериологиялық, вирусологиялық және биохимиялық, зерттеулерді жүргізу арқылы кеселдерді анықтау;
26) Науқастың қайтыс болу себебін анықтау;
27) Диагностикалық және емдеу жұмыстарның сапасына талқылау жүргізу;
28) Емдеу мекемелерінде клиникалық - анатомиялық конференцияларды ұйымдастырып, өткізу;
Көп бейінді облыстық аурухананың құндылықтары:
- Аурухананың стратегиялық мақсаттарына жетуге бағыт алу;
- Кәсіпқойлық және жұмыскерлердің кәсіби деңгейін көтеруге талпыну;
- Бастамашылдық және жұмыскерлердің қызметтік міндеттерді орындауда белсенділік;
- Тәртіптілік және жауапкершілік;
- Қызметкерлер арасында өзара қолдау көрсету.