АЛҒАШҚЫ НӘРЕСТЕНІ ҮЙІНЕ ШЫҒАРЫП САЛДЫ
Қазалы ауданының тұрғыны Қаршыбек Махаббат Сабырқызы, 01.03.2024 жыл, салмағы 3734 келі болатын ер баланы аман-есен дүниеге әкелді. Нәрестені үйіне шығу сәтінде ауруханамыздың Құрметті директоры Тұрғанбай Маханов, директор Жасұлан Болатбекұлы арнайы құттықтап келді. Сала ардагері Тұрғанбай Маханұлы сәбие ақ батасын берді. Жасұлан Болатбекұлы аурухана ұжымы атынан сәби мен анасына қоларба сыйға тартты. Айта кету керек, ана мен балаға акушер-гинеколог Айнұр Әжмұратпен Лаура Абдраманова қызмет көрсетті. Жас отбасыны үшінші перзентпен толығуымен құттықтаймыз! Бөбектің бауы берік болсын!