МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Құрметті аналар, қыз-келіншектер!
Қадірлі әріптестер!
Сіздерді 8-наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ардақты аналарымызбен, ару қыздарымыз – әркез отбасының ұйытқысы, береке-бірліктің шырақшысы. Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен нәзік жандылардың қамқорлығы қашанда біздерге үлкен қолдау.
Бүгінде ауруханамызда 86 әйел дәрігер, 580 мейіргер, 329 кіші буын 147 басқа да шаруа қызметкерлері еңбек етуде. Сыр медицинасының қасиетті қара шаңырағы ауруханамыздың қалыптасуы мен даму жолында әрбіріңіздің табанды еңбектеріңіз бар. Сіздердің адал еңбектеріңіз, мейірімділік пен белсенді қызметтеріңізге алғысымыз шексіз! Ауруханамыздағы білімді де, білікті арулар қатары артты. Жаңадан ашылған Босану бөліміне 98 нәзік жандылар жұмысқа қабылданды. Олар тәжірибелі дәрігерлер мен акушерлер, мейіргерлер мен кіші буын қызметкерлері.
Құрметті әріптестер, сіздерді одан әрі де үлкен жауапкершілікпен жемісті еңбек етеді деп сенім білдіремін. Көктемнің шуақты мерекесімен құттықтай отырып, қызметтеріңізге табыс тілеймін! Сапалы медициналық қызмет көрсетіп, елдің алғысына бөлене беріңіздер! Әсемдік пен парасаттылықтың үлгісі болып, әркез жадырап жүріңіздер!
Дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға бақыт тілеймін!
Ізгі ниетпен: Жасұлан Болатбекұлы