​ӨТ ЖОЛЫНА АНГЕГРАДТЫ СТЕНТ ҚОЮ ОТАСЫ ЖАСАЛДЫ

Көпбейінді облыстық ауруханаға 1948 жылы туған азаматша хирургия №2 бөлімшесіне жедел түрде "Механикалық сарғаю, ауыр дәрежесі " диагнозымен жатқызылған. Науқасқа 2 кезеңнен тұратын ота жасалды. Біріншісі тері бауыр арқылы жалпы өт жолын дренирлеу. Екіншісі жалпы өт жолын антеградты стенттеу оталары. Отаны аурухана директорының хирургия қызметі жөніндегі орынбасары Е.Серікұлы, ассистент хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Ә.Жалмағанбетов жасады. «Отада науқаста ұйқы безінің басындағы ісігі диагнозы расталып, ауруханада 1 рет жалпы өт жолын антеградты стенттеу отасы жасалды. Өттің өт жолымен ішекке келіп түсетін жеріндегі ұйқы безінің басында ісік бар. Сол ісік салдарынан өт жолының төменгі бөлігі қысылып тұр. Сондықтан өт ішекке түспей тұр. Қазір сол жерге тері бауыр арқылы жалпы өт жолына қойылған дренаж арқылы стент қоямыз» дейді дәрігер. Ота сәтті өтті. Үш күннен соң бақылау фистулография зерттеуі жасалады, контраст 12 елі ішекке өтіп тұр, стент өз жұмысын толық атқарып тұр.