ДӘРІГЕРЛЕР НАУҚАСТЫҢ БҮЙРЕГІН САҚТАП ҚАЛДЫ
Көпбейінді облыстық аурухананың Урология бөлімшесінде алғаш рет лапароскопиялық бүйрек резекциясы жасалды. Бұрын соңды бұл диагнозбен келген науқаста бүйректі толықтай алу отасы жасалған. Енді бүйректі сақтап тек ісікпен зақымдалған жерін алу отасы жасалынады. 1960 жылы туған науқас оң жақ бүйрек түзілісі диагнозымен келіп түскен. Бүйректегі ісіктің көлемі 4.0×4.0 см. Ота алды дайындықтан кейін науқасқа лапароскопиялық бүйрек резекция отасы сәтті жасалды. Оташы Еркін Искаков, ассистент Жасұлан Достауров, анестезиолог Жанарыс Жаханов, ота мейіргері Асел Смайылова. Науқас толық сауығып, қазіргі таңда ауруханадан шығарылды.