БІЛІКТІ ХИРУРГТАР ОТА ЖАСАДЫ
Көпбейінді облыстық аурухананың директоры Жасұлан Баймаханов,хирургия жөніндегі орынбасары Ербол Серікұлы, анестезиолог Бақытжан Рсаев және ота мейіргері Айсұлу Бекқожаның қатысуымен тағы бір курделі ота сәтті жасалды. Аурухананың №1 хирургия бөліміне 1969 жылы туған азамат "Оң ішастар арты, оң бүйір аймағы рецидивті липосаркомасы" диагнозымен жатқызылды. Науқасқа 2020 жылы "Ретроперитонеальды кеңістік ісігі. Екіншілік уретерогидронефроз" диагнозына байланысты жасалған "Лапартомия. Ретророперитонельды кеңістіктен ісікті алу. Оң жақты нефроэктомия" отасы жасалған. Науқас бөлімшеде толық тексеріліп, Рио-Бранко бойынша лапаротомия. Адгезиолизис. Оң ішастар арты, оң бүйір аймақ ісіктерін (жалпы 4 ісік) алу отасы жасалды. Отадан кейін науқас бөлімшеде ем алды. Жағдайы қанағаттанарлық. Жеті күннен соң бүгін үйіне шығарылды.