Көпбейінді облыстық аурухана жылды қорытындылады
Бүгін Көпбейінді облыстық ауруханада жыл қорытындысына арналған жиынға қатысқан облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Искаков осылай деді.
Жиында аурухана директоры Жасұлан Баймаханов бір жыл көлемінде атқарылған жұмыс қорытындысын баяндады.
“Біздің мақсатымыз – халыққа жоғары сапалы медициналық қызмет көрсету.
Аурухана мамандандырылған төсек орындары бар 23 клиникалық бөлімшелерден, 13 қосалқы бөлімшелерден, 14 әкімшілік-шаруашылық қызмет көрсететін құрылымдардан тұрады. Аурухана төсек қорында – 525 төсек орын бар. Өткен жылы ауруханада 21 921 адам ем алған. Оның ішінде терапиялық салада 12553, хирургия саласында 9368 науқас ем алған, олардың 6135-іне ота жасалды. Аурухананың Қабылдау бөліміне 2023 жылы 47 231 азамат жеткізілген. Жатқызылғандары: 21827. Тәулігіне ургентті күні 250-300 науқас келіп қаралады. Жедел түрде келген науқастардың саны 15% жоғарлаған. Жедел түрде жатқызылған науқастар 29,9%. Қабылдау бөлімінде тәулігіне шұғыл түрде 8-10 ота жасалады. Аурухананың Кеңес беру-диагностика бөлімінде 81222 қызмет көрсетіліп, 15294 науқастар келген.
Жасұлан Болатбекұлы аурухана қызметін арттыру мақсатындағы жоспарларымен бөлісті. Айқын мақсаттардың бірі аурухананың төсек қорын 525-тен 660 төсек – орынға көбейту, оның ішінде 70 төсек – орынға арналған перинаталдық орталығы ашылмақ. Хирургия бөлімдерінде жоғарғы технологиялық медициналық көмек оталар санын арттыру, реанимациялық бөлімшелерін жұмысын күшейтуді көздеп отыр. Мұнан бөлек, Госпиталды фармация бөлімі арқылы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың дербестендірілген есебін еңгізуді аяқтау, Оқу-әдістемелік орталығының жұмысын қайта құру, бауыр трансплантациясы отасын енгізу жоспарланған. Мекеме басшысы медицина қызметінің сапасын бағалауының ішкі индикаторларын орындауға бағытталған жұмыстарды күшейтіп, аурухананың материалды-техникалық базасын жақсартып, әсіресе жан сақтау және ота-жасау бөлімшелеріне қажет екенін айтты. Жаңа технологиялар бойынша кіші инвазивті оталар санын көбейтіп, Ұлттық аккредиттеуден өтуді мақсат етіп отыр.
Сонымен қатар, аурухана директоры шешімін күткен өзекті мәселелерді басқарма басшысының назарына жеткізді. Өз кезегінде сала басшысы аймақ медицинасын дамытуда Денсаулық сақтау министрлігі мен облыс әкімі Нұрлыбек Мәшбекұлының қолдауы айрықша екенін айтып, барлық мәселе реттілігімен шешімін табатынын жеткізді. Жиын соңында үздік дәрігерлерге марапат табыстап, сұрақтарға жауап берді.