ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫН САҚТАУҒА ШАҚЫРДЫ
Республика көлемінде 25 қараша – 10 желтоқсан аралығында «Әйелдердің зорлық – зомбылығына қарсы 16 күндік белсенді іс-әрекеттер» акциясы жүргізілуде. Акция аясында көпбейінді облыстық аурухана қызметкерлері арасында кездесу өтті. Онда Қызылорда қалалық полиция басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобы инспекторлары Әйгерім Ерболат және Нұргүл Жанахаева отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Отбасы құндылығын сақтау, ата-ана қарым қатынасының маңызы туралы айтып, ақпараттық-материалдар таратты. Тақырыптық бейне роликтер көрсетілді.