​ҚҰРМЕТПЕН ЗЕЙНЕТКЕ ШЫҒАРЫП САЛДЫ

Бүгін Көпбейінді облыстық аурухана ұжымы әріптестері дәрігерлер Амангелді Қадырбаев пен Сартай Абдуллаеваны құрметпен зейнетке шығарып салды.

Аурухана директоры Жасұлан Баймаханов білікті мамандардың еңселі еңбегіне алғыс білдіріп, құрмет көрсетіп, зейнет жасына жетуімен құттықтады. Мекеме басшысы мерейтой иелеріне ауруханадағы медициналық қызметтің дамуы жолында жемісті еңбек еткені үшін алғысын білдіріп, сый-сыяпат жасады.

Бір орында табан аудармай еңбек етіп, өз қызметін адал атқарып, елдің алғысына бөленген ақ халатты абзал жандардың аурухана дамуындағы үлесі зор. Дәрігерлерімізді зейнет жасына жетуімен құттықтаймыз! Дендеріне саулық, шаңырақтарына бақ-береке тілейміз!