ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ШТАТТАН ТЫС БАС КАРДИОЛОГІ ДӘРІС ОҚЫДЫ

Бүгін Көпбейінді облыстық аурухананың мәжіліс залында «Жүрек-қан тамыр сырқатына қауіпті топтар. Дислипидемия. Атеросклероз - өмірге қауіпті сырқат, алдын-алу. Қазіргі фармацевтикалық жетістіктер» тақырыбында дәріс өтті. Іс-шара «Қазақстан Республикасында қанайналымы жүйесі аурулары кезінде медициналық көмек көрсетуді жетілдіру жөніндегі 2022-2023 жылдарға арналған жол картасы аясында ұйымдастырылған. Онда аурухананың кардиология №2 бөлімшесінің кардиолог дәрігері, Қызылорда облысының штаттан тыс бас кардиологі Алия Мырзабаева «Жүрек-қан тамыр сырқатына қауіпті топтар. Дислипидемия. Атеросклероз - өмірге қауіпті сырқат, алдын-алу. Қазіргі фармацевтикалық жетістіктер» тақырыбында баяндама жасады. Дәріске облыстық медицина ұйымдарының мамандары, аудандағылар онлайн режимде қатысты.