​20 мамыр – Бүкіләлемдік травматолог күні

Тіршілікте қолданатын техника артқан сайын, жарақат алу да алдыңғы орынға шыққаны белгілі. Мысалы жол апатынан болатын жарақаттар, қыс мезгілінде болатын оқыс жағдайлар. Оған қоса абайсызда қол-аяғын сындырып немесе бір жерін кесіп алатын жағдайлар көп кездеседі. Жергілікті тұрғындар мұндай жағдайда Көпбейінді облыстық аурухананың травматолог дәрігерлерін іздеп келеді. Біздің медицина ұйымында бір топ білікті травматолог-дәрігерлер бар. Тәжірибелі травматологтардың көшбасында Травматология бөлімшесінің меңгерушісі, дәрігер-травматолог, Сапаров Айдос Дарханұлы тұр. Одан бөлек дәрігер-травматологтар: Амантай Нұрмышұлы, Нұрман Рахманұлы, Ардақ Дарибаев, Еркебұлан Тажигулов, Ержан Алимбетов, Айбек Мырзағұлов, Әзілхан Аяғанов, Ердәулет Құдайберген жемісті еңбек етіп жүр. Білікті мамандарға кәсіби мерекелерімен құттықтап, жасаған емі әр­бір науқастың дертіне шипа болсын деп тілек қосамыз. Өз ісіне шынайы берілген, адамдарға деген жанашырлығы мол ақ халатты абзал жандарға науқастардың айтар алғысы мол. Ал біз әріптестеріміздің деніне саулық, отбасына амандық, қызметтеріне табыс тілейміз