Жаңалықтар

«1 қазан - Халықаралық қарттар күні» мерекесімен құттықтаймыз

Бүгін 01.10.2021ж. көпбейінді облыстық ауруханасында «1 қазан-Халықаралық қарттар күніне» орай аурухана директорының у.м.а. Ж.И.Абубакирова ардагерлерді мерекелерімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Алғаш рет "Қолқа Коарктациясын стенттеу" отасы жасалды.

Бүгін Қызылорда қаласындағы көпбейінді облыстық аурухананың рентгенэндоваскулярлық хирургия бөлімшесінде алғаш рет Қаланың ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығының рентген-хирургы Э. Б. Отарбаевпен бірлесіп бірегей "қолқа Коарктациясын стенттеу" отасы жасалды.

​ «Брэйн-ринг» интеллектуалды сайысына көп бейінді облыстық ауруханасы белсене қатысып жүлделі II орын иелен​ді

«Брэйн-ринг» интеллектуалды сайысына көп бейінді облыстық ауруханасы белсене қатысып жүлделі II орын иеленді

Көпбейінді облыстық ауруханада ми қан тамырларына бірегей микрохирургиялық операция жасалды.

Алғаш рет Қызылорда қаласындағы көпбейінді облыстық ауруханада ми қан тамырларына бірегей микрохирургиялық операция жасалды, PhD нейрохирург Еркін Жұмағұлұлы Медетовтың қатысуымен мойя-мойя ауруы кезінде айналма анастомоз (сыртқы ұйқы артерияларының атеросклерозы), ми қан тамырлары патологиясы кезінде операцияның осы түрін одан әрі енгізу үшін көпбейінді облыстық аурухананың нейрохирургтарымен бірлесіп жасалды.

Қазахстан Республикасының тәуелсіздігі күні

Бүгін, көп бейінді облыстық ауруханасының мәжіліс залында, «16 желтоқсан Тәуелсіздіктің 30 жылдығына» арналған мерекелік іс-шара өтті.

​Бүгін 30.12.2021 ж., жаңа жыл қарсаңында көпбейінді облыстық ауруханасында мерекелік іс-шара өткізілді.

Бүгін 30.12.2021 ж., жаңа жыл қарсаңында көпбейінді облыстық ауруханасында мерекелік іс-шара өткізілді.

Барлық қызметкерлерді келе жатқан Жаңа жылмен аурухананың құрметті директоры Т.Маханов және аурухана директоры Н.Е.Амитов құттықтады.

8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі

Қымбатты ханымдар!

Көктемнің алғашқы мерекесі «8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесімен» шын жүректен құттықтаймыз. Көктемнің гүліндей құлпырып, әсемдіктің, әдеміліктін, әдептіліктің иесі болып, бақытты да баянды ғұмыр кешіңіздер. Дендеріңізге саулық, көңілдеріңізге шаттық, отбасыларыңызға әрқашан бақыт және сәттіліктер тілейміз!

Құттыктау

Бүгін көпбейінді облыстық ауруханасының мәжіліс залында «8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі» қарсаңында аурухана директоры Н.Е.Амитов аурухананың қыздар қауымын мерекемен құттықтап, алғыс хаттар мен сыйлықтар табыстады.

​Бүгін көпбейінді облыстық ауруханасында "Дүниежүзілік бүйрек» күніне арналған Ашық есік күні өтті.

Кеңес беру және диагностика бөлімшесінде 150 адамға кеңес берілді, оның ішінде 22 адамда бүйрек жетіспеушілігінің бастапқы дәрежесі анықталды.


Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы құтты болсын!

Халқымыздың ұлық мерекесін көпбейінді облыстық ауруханасының ұжымы да атап өтті.


Шеберлік сағаты өтті (мастер-класс)

Көп бейінді облыстық ауруханасының кардиологиялық орталығына 2021 жылы Криоаблация отасын жасау мақсатында алынған Криоконсоль POLARx құрылғысы арқылы дәрігерлерге шеберлік сағаты өтті.

Сенбілік өтті

2 сәуір 2022 жылы көпбейінді облыстық аурухананың аумағында сенбілік өтті. Сенбілікке ұжым белсенді қатысты

​Республикалықғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Бүгін облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен көпбейінді облыстық ауруханасында «Қазіргі таңдағы хирургия саласының өзекті мәселелері» тақырыбындағы ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шара А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы АҚ-ның басқарма төрағасы, академик Болатбек Бимендіұлы Баймахановтың 60 жасқа толуына мерейтойына арналған.

ПРЕЗИДЕНТТІҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Халқына Жолдау