Қазахстан Республикасының тәуелсіздігі күні

Бүгін, көп бейінді облыстық ауруханасының мәжіліс залында, «16 желтоқсан Тәуелсіздіктің 30 жылдығына» арналған мерекелік іс-шара өтті.Аурухананың «Құрметті директоры» Т.М.Маханов, директоры Н.Е.Амитов ұжымды тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.

«Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында баяндама жасалды. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, халық денсаулығын нығайту жолында тынымсыз еңбек етіп, елеулі үлес қосып келе жатқан бір қатар қызметкерлер облыс әкімінің, облыстық маслихат хатшысының, NurOtan Қызылорда қалалық партиясының, Облыстық денсаулық сақтау басқармасының және «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы РҚБ Қызылорда облыстық филиалының Құрмет грамотасы» және «Алғыстарымен» марапатталды. Сонымен қатар «Көпбейінді облыстық ауруханасының дамуына үлес қосқаны үшін» төсбелгісімен және әкімшілік тарапынан қызметкерлер «Алғыстармен» марапатталды.

Ауруханамыздың «Қалыптасуы мен даму кезеңдері» атты кітабының салтанатты түрде тұсау кесері өтті.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай аурухана қызметкерлері арасында «Шағын футболдан» жарыс өткізілді. Жарыс жеңімпаздарына «Диплом» және ақшалай сыйақы табысталды.

Тәуелсіздік мерекесі баршаңызға құтты болсын!