Сенбілік өтті

2 сәуір 2022 жылы көпбейінді облыстық аурухананың аумағында сенбілік өтті. Сенбілікке ұжым белсенді қатысты. Аумақты қоқыстардан тазалап, қураған шөптерді жинап, жерді босатты. Көк шыға көшеттерді отырғызуды ақ халаттыларда бастап кетті. Аурухананың барлық бөлімшелері өздеріне белгіленген аумаққа тал отырғызды.

Жасыл желек жанға сая. Жаңа егілген шыбықтар өссе, емделушілерге келуші жақындарынп көлеңке әрі таза ауа сыйламақ.

Аурухана директоры Н. Амитов ұжымға алғысын білдіріп, бұған дейін егілген талдарды күтіп ұстауды да тапсырды.

"Атадан мал қалғанша, тал қалсын" демекші, тал егу болашақ ұрпаққа, өзімізге және Табиғат анаға жасаған үлкен сыйымыз