Жаңалықтар
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Көпбейінді облыстық ауруханасының №2 кардиология бөлімшесінің меңгерушісі, білікті кардиолог дәрігер Лепесов Нұрболат Мылтықбайұлын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталуымен шын жүректен құттықтаймыз!
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Көпбейінді облыстық ауруханасының көпбейінді ақылы бөлімшесінің меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер-оториноларинголог Измагамбетов Куламерген Асылбекұлын жоғары мемлекеттік награда – «Құрмет» орденімен марапатталуымен шын жүректен құттықтаймыз!
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Көпбейінді облыстық ауруханасының ультрадыбыстық зерттеу дәрігері, жоғары біліктілік санатындағы маман Бикинеева Гюзель Якубовнаны жоғары мемлекеттік награда – «Құрмет» орденімен марапатталуымен шын жүректен құттықтаймыз!
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Ақ халатты абзал жан, «Көп бейінді облыстық ауруханасы» ШЖҚ КМК нейроинсультты реанимация бөлімшесінің меңгерушісі, жоғары біліктілік санатындағы анестезиолог-реаниматолог дәрігер Әбдіқалық Алмат Қаппарұлын жоғары мемлекеттік марапат – «Шапағат» медалімен марапатталуымен шын жүректен құттықтаймыз!
РЕАБИЛИТАЦИЯ БӨЛІМШЕСІ №1
Реабилитация бөлімшесі №1 – науқастардың жоғалтқан денсаулығын қалпына келтіріп, олардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған маңызды бөлімшелердің бірі. Мұнда әрбір науқастың ертеңгі күнге деген сенімі артып, сауығуға деген жігері нығая түседі. Заманауи медицинаның мүмкіндіктері мен білікті мамандардың кәсіби тәжірибесі ұштасқан бұл бөлімше – сауығуға бастар сенімді жол.
НӘРЕСТЕЛЕР ПАТОЛОГИЯСЫ МЕН ЖАНСАҚТАУ БӨЛІМШЕСІ
Жаңа өмірдің бастауында тұратын, өмір үшін арпалысқан әрбір сәбидің амандығына жауапты болатын Нәрестелер патологиясы мен жансақтау бөлімшесі – мейірім мен кәсібилік тоғысқан ерекше бөлімше. Мұнда жаңа туған нәрестелерге тәулік бойы жоғары деңгейдегі мамандандырылған медициналық көмек көрсетіліп, олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға барлық жағдай жасалған.
Гастроэнтерология бөлімшесі
Гастроэнтерология бөлімшесі – көпбейінді облыстық аурухананың жоғары мамандандырылған стационарлық бөлімдерінің бірі. Бөлімше асқазан-ішек жолдары, бауыр және өт шығару жүйесі, бронх-өкпе жүйесі мен аллергиялық аурулары бар науқастарға сапалы медициналық көмек көрсетеді. Заманауи диагностикалық және емдеу әдістерін қолдана отырып, науқастардың денсаулығын қалпына келтіруге бағытталған кешенді қызмет атқарады.
Нейрохирургия бөлімшесі
Нейрохирургия бөлімшесі – облыс және аудан тұрғындарына жоспарлы әрі шұғыл мамандандырылған медициналық көмек көрсететін жоғары технологиялық бөлімше.
ТРАВМАТОЛОГИЯ БӨЛІМШЕСІ
Травматология бөлімшесі – тірек-қимыл жүйесінің жарақаттары мен ауруларын диагностикалау, емдеу және оңалту жұмыстарын жүргізетін заманауи медициналық бөлімше.
КЕҢЕС БЕРУ-ДИАГНОСТИКАЛЫҚ БӨЛІМШЕ: ЗАМАНАУИ МЕДИЦИНА МЕН СЕНІМДІ КҮТІМ ОРТАЛЫҒЫ
Денсаулық – адам өміріндегі ең қымбат құндылық. Аурудың алдын алу, дер кезінде диагноз қою және сапалы ем алу – әрбір азаматтың өмір сапасын жақсартудың маңызды кепілі.
Осы бағытта облыстық көпбейінді аурухананың кеңес беру-диагностикалық бөлімшесі тұрғындарға жоғары деңгейдегі медициналық көмек көрсетіп, білікті мамандардың кеңесі мен заманауи диагностикалық қызметтерді бір жерде алуға мүмкіндік береді.
ГОСПИТАЛДЫҚ ФАРМАЦИЯ БӨЛІМІ
Госпиталдық фармация бөлімі – стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымның маңызды құрылымдық бөлімшесі. Бөлімнің негізгі мақсаты – пациенттерді дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен уақтылы, сапалы әрі қауіпсіз қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың қозғалысын толық бақылау.
ГИНЕКОЛОГИЯ БӨЛІМШЕСІ
Гинекология бөлімшесі – әйелдер денсаулығын сақтау мен қалпына келтіруге бағытталған мамандандырылған құрылымдық бөлімше. Бөлімше заманауи диагностикалық және хирургиялық емдеу әдістерін қолдана отырып, жоғары білікті медициналық көмек көрсетеді.
АКУШЕРЛІК БӨЛІМШЕ
Акушерлік бөлімше – ана мен нәрестенің денсаулығын қорғауға бағытталған, жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсететін құрылымдық бөлім. Бөлімде экстрагениталды аурулары бар жүкті әйелдерді бақылау, босандыру, күрделі акушерлік жағдайларды жүргізу және заманауи хирургиялық емдеу әдістері жүзеге асырылады.
РЕАНИМАЦИЯ – АНЕСТЕЗИОЛОГИЯ БӨЛІМШЕСІ
Реанимация – анестезиология бөлімшесі – өміріне қауіп төнген науқастарға тәулік бойы шұғыл және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсететін маңызды құрылымдық бөлімше. Бөлімше заманауи технологиялармен жабдықталып, тәжірибелі мамандардың кәсіби еңбегінің арқасында өңірдегі қарқынды терапия мен анестезиологиялық көмектің жетекші орталықтарының біріне айналды.
КАРДИОРЕАНИМАЦИЯ БӨЛІМШЕСІ
Кардиореанимация бөлімшесі – жүрек-қантамыр жүйесінің ауыр және шұғыл жағдайларындағы науқастарға тәулік бойы жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсететін бөлімше. Мұнда заманауи диагностикалық және емдеу технологиялары қолданылып, отаға дейінгі және отадан кейінгі кезеңде пациенттердің жағдайы үздіксіз бақылауда болады.
ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ
Бүгін көпбейінді облыстық ауруханасының мәжіліс залында «Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының эпидемиологиялық қадағалануы, диагностикасы, емдеу және алдын алу шараларын күшейту» тақырыбында облыстық семинар өтті.







