АКУШЕРЛІК БӨЛІМШЕ
Акушерлік бөлімше – ана мен нәрестенің денсаулығын қорғауға бағытталған, жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсететін құрылымдық бөлім. Бөлімде экстрагениталды аурулары бар жүкті әйелдерді бақылау, босандыру, күрделі акушерлік жағдайларды жүргізу және заманауи хирургиялық емдеу әдістері жүзеге асырылады.
Бөлім меңгерушісі: Ержанова Арман Иманғалиұлы
Лауазымы: Жоғары санатты акушер-гинеколог.
Жұмысын бастаған күні: 2024 жылғы 1 наурыз.
Көмек деңгейі: III деңгейлі мамандандырылған акушерлік көмек көрсетеді.
Бөлімнің құрылымы
Жалпы 70 төсек-орыннан тұратын 3 бөлімшеден құралған.
30 төсектік акушерлік бөлім жұмыс істейді.
4 босану бөлмесі бар.
Босануға дейінгі бақылау бөлмесі қарастырылған.
Нәрестені тұрақтандыру бөлмесі жабдықталған.
Көрсетілетін медициналық көмек
Экстрагениталды аурулары бар жүкті әйелдер субкомпенсация және декомпенсация сатысында бақылауға алынып, босандырылады.
Жаңақорған және Шиелі аудандарының жүкті әйелдеріне курациялық көмек көрсетіледі.
Осы аудандардан жатырында екі және одан да көп тыртықтары бар жүкті әйелдерге жоспарлы кесар тілігі жасалады.
Осыған байланысты бөлімдегі кесар тілігі арқылы босану көрсеткіші – 44,4%.
Жоғары мамандандырылған операциялар
Облыс бойынша бала жолдасы жатыр қабырғасына терең бекіп өскен (placenta accreta spectrum) жүкті әйелдер жүктілер патологиясы бөлімінде бақылауға алынып, жоспарлы кесар тілігіне дайындалады.
Облыста алғаш рет операция кезінде қан кетуді азайту және жатырды сақтап қалу мақсатында турникеттерді қолдану арқылы метропластика операциялары сәтті жүргізілді.
Осы әдістің нәтижесінде 2,5–3,0 литр қан жоғалтқан әйелдердің жатырын сақтап қалуға мүмкіндік туды, бұл репродуктивті қызметті сақтаудағы маңызды жетістік болып табылады.
Акушерлік бөлімше жоғары технологиялық медициналық көмекті тиімді ұйымдастырып, ана мен нәрестенің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында табысты жұмыс атқаруда. Заманауи емдеу тәсілдерін енгізу, күрделі акушерлік жағдайларды сапалы жүргізу және мүшені сақтайтын операцияларды қолдану арқылы бөлім өңірдегі III деңгейлі акушерлік көмектің маңызды орталығы ретінде өз қызметін нәтижелі жалғастырып келеді.







