Жаңалықтар

​№2 ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ БӨЛІМШЕСІ

№2 Қалпына келтіру бөлімшесі 2020 жылғы 1 сәуірден бастап 40 төсек-орынмен жұмыс істеп келеді. Бөлімше реабилитациялық көмекті кеңейту мақсатында ашылған.

​РЕНТГЕН-ЭНДОВАСКУЛЯРЛЫ ХИРУРГИЯ БӨЛІМШЕСІ

Заманауи медицинадағы ең тиімді бағыттардың бірі – рентген-эндоваскулярлы хирургия. Бұл әдіс күрделі операцияларды үлкен тіліксіз, аз инвазивті тәсілмен орындауға мүмкіндік береді. Біздің бөлімшеде жүрек-қантамырлары мен бас миы тамырлары ауруларын диагностикалау және емдеудің озық технологиялары қолданылады.

​ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН КЛИНИКАЛЫҚ-ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ЗЕРТХАНА

Орталықтандырылған клиникалық-диагностикалық зертхана – медициналық көмектің сапасын арттыруда маңызды рөл атқаратын құрылымдық бөлімше. Зертхана заманауи технологиялармен жабдықталған және науқастарға жоғары сапалы зертханалық қызмет көрсетеді.

​НЕЙРОИНСУЛЬТТІК РЕАНИМАЦИЯ БӨЛІМШЕСІ (РЕАНИМАЦИЯ №2)

Қызылорда көпбейінді облыстық ауруханасының нейроинсульттік реанимация бөлімшесі (Реанимация №2) 2010 жылдан бастап жеке құрылымдық бөлімше ретінде жұмыс істеп келеді. Бөлімше ауыр және өміріне қауіп төнген науқастарға жедел реанимациялық және қарқынды терапия көмегін көрсетуге бағытталған.

Құттықтаймыз!

Көпбейінді облыстық ауруханасының Нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Абдукаликов Алмас Исаұлы еліміздің нейрохирургия саласының дамуына қосқан елеулі үлесі, жоғары кәсібилігі және көпжылдық жемісті еңбегі үшін «Қазақстан нейрохирургиясына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды

​НЕЙРОИНСУЛЬТ БӨЛІМШЕСІ

Нейроинсульт бөлімшесі – жедел бас миы қан айналымы бұзылысы (инсульт) бар науқастарға мамандандырылған медициналық көмек көрсететін маңызды құрылымдық бөлімше.

​ОФТАЛЬМОХИРУРГИЯ БӨЛІМШЕСІ

Офтальмохирургия бөлімшесі – заманауи технологиялармен жабдықталған, жоғары білікті мамандар қызмет атқаратын, көз ауруларын диагностикалау мен емдеудің озық әдістерін қолданатын маңызды құрылым.

​Қызылорда көпбейінді облыстық ауруханасында ревматология бөлімшесі жұмыс істейді

Қызылорда көпбейінді облыстық ауруханасында 30 төсек-орынға арналған ревматология бөлімшесі жұмыс істеп, өңір тұрғындарына жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетуде.

​ОТА БӨЛІМІ – ӨМІР ҮШІН КҮРЕСТІҢ АЛҒЫ ШЕБІ

"Адам өмірін сақтап қалу – медицинадағы ең қасиетті міндеттердің бірі". Осы жауапты істің дәл ортасында тәулік бойы тынымсыз еңбек ететін ота бөлімінің ұжымы тұр. Әрбір сәттің бағасы қымбат операциялық залда кәсібилік, батылдық пен жауапкершілік қатар жүреді. Ақ халатқа адал жандардың жанкешті еңбегі талай адамның өміріне үміт сыйлап келеді.

​№1 ЖОСПАРЛЫ ХИРУРГИЯ БӨЛІМШЕСІ

Хирургия №1 бөлімшесі 30 төсек орынға арналған, жұмсақ және қатты құрал-жабдықтармен толық қамтылған. Көп бейінді облыстық ауруханасының хирургия бөлімшесі ТМД аумағындағы абдоминальді, торакальді және эндоскопиялық хирургияда көшбасшылардың бірі болып табылады.

​ТРАНСФУЗИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЕМДІК ПЛАЗМАФЕРЕЗ БӨЛІМІ

Трансфузиология және емдік плазмаферез бөлімі – көпбейінді облыстық аурухананың маңызды әрі жоғары мамандандырылған бөлімдерінің бірі. Бөлімнің тарихы 1969 жылдан бастау алады. Осы уақыт ішінде қан дайындау қызметінен бастап, заманауи трансфузиологиялық көмек көрсету мен емдік плазмаферез жүргізуге дейінгі үлкен даму жолынан өтті.

​УРОЛОГИЯ БӨЛІМІ

Урология бөлімі – көпбейінді облыстық аурухананың мамандандырылған бөлімдерінің бірі. 2002 жылдан бері бөлім Қызылорда облысының тұрғындарына жедел және жоспарлы урологиялық көмек көрсетіп келеді.

​КӨПБЕЙІНДІ АҚЫЛЫ БӨЛІМШЕ

Көпбейінді ақылы бөлімше – пациенттерге жайлы жағдай мен жоғары сапалы медициналық көмекті ұсынатын заманауи бөлімшелердің бірі. 2025 жылдың 14 сәуірінен бастап бөлімше 25 төсек-орындық көпбейінді ақылы бөлімше ретінде қайта жабдықталып, заманауи талаптарға сай қызмет көрсетуде.

ДӘРІГЕРДІҢ БІР КҮНІ

ХИРУРГИЯ САЛАСЫНЫҢ МАЙТАЛМАНЫ АБДУЛЛА СЫЗДЫҚҰЛЫ ШҮЛЕНБАЕВ

​КҮНДІЗГІ ЕМДЕУ БӨЛІМШЕСІ

Күндізгі емдеу бөлімшесінің меңгерушісі жоғары санатты дәрігер Алтыбаев Ерлан Серікбайұлы.

Бөлімше 2013 жылдан бері халыққа стационарды алмастыратын медициналық көмек көрсетіп келеді. Алғашында 15 төсек-орынмен ашылған бөлімше бүгінде 105 төсек-орындық заманауи құрылымға айналды.

​№2 ЖЕДЕЛ ХИРУРГИЯ БӨЛІМШЕСІ

№2 жедел хирургия бөлімшесі – Көпбейінді облыстық аурухананың заманауи талаптарға сай жабдықталған, жоғары мамандандырылған бөлімшелерінің бірі. Бөлімшені жоғары санатты дәрігер Мантаев Бекет Тайшыбекұлы басқарады.

​ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Көпбейінді облыстық ауруханасының физиотерапия бөлімінің мейіргері, жоғары біліктілік санатындағы маман Сыздықова Айнұр Бахитқызын жоғары мемлекеттік награда – «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталуымен шын жүректен құттықтаймыз!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Көпбейінді облыстық ауруханасының нейрохирургия бөлімшесінің нейрохирург дәрігері Набдинов Қанат Ақмағамбетұлын жоғары мемлекеттік награда – «Шапағат» медалімен марапатталуымен шын жүректен құттықтаймыз!

​ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Көпбейінді облыстық ауруханасының нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Абдукаликов Алмас Исаұлы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды! Құттықтаймыз!