Новости
ПОЗДРАВЛЯЕМ!
Медицина қызметкерлері күніне арналған «Сыр медицинасының ғаламат ғасыры» атты салтанатты шарада көпбейінді облыстық ауруханасының №2 терапия бөлімшесінің ревматолог-дәрігері Жакипова Ирина Бекеевна облыс әкімі Нұрлыбек Мәшбекұлының қолынан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
ПОЗДРАВЛЯЕМ!
Көпбейінді облыстық аурухананың Телемедицина кабинетінің меңгерушісі Базаров Меңілі —«ҚР ДСМ» «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісін иеленді.
ПОЗДРАВЛЯЕМ!
Көпбейінді облыстық аурухананың Кеңес беру-диагностикалық бөлімшесінің эндоскопист дәрігері Искендиров Шакират Муратович Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
КӘСІБИ МЕРЕКЕНІ АТАП ӨТТІ
Бүгін Көпбейінді облыстық аурухана ұжымы Медицина қызметкерлері күнін атап өтті.КӘСІБИ МЕРЕКЕНІ АТАП ӨТТІ«DARIGER TALKS»: ДЕМЕУ МЕН ДАМУ
Еліміздің бас қаласында Премьер-Министрдің орынбасары Ермек Көшербаев пен Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошановтың қатысуымен «Amanat» партиясы ұйымдастырған «Dariger Talks» диалог алаңы өтті. Онда Қоғам қайраткерлері дәрігерлердің ел өміріндегі ерекше рөлін атап өтіп, денсаулық сақтау жүйесін дамыту Мемлекет басшысының назарында екенін жеткізді.
АЙМАҚ БАСШЫСЫНЫҢ ҚОЛДАУЫМЕН ДӘРІГЕР ШЕТ ЕЛДЕ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРДЫ
Өңірде дәрігерлерді шетелде оқыту үрдісі соңғы 5 жылда қайта жаңғыртылып, қолға алынды. Аймақ басшысы Нұрлыбек Мәшбекұлының қолдауымен Қызылорда облыстық көпбейінді ауруханасының терапевт-дәрігері Айнұр Смаханова Литваның Каунас қаласындағы Lithuanian University of Health Sciences “Kauno klinikos” клиникасында біліктілікті арттыру курсынан өтті.
ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯМЕН ОТА ЖАСАУ ӘДІСІН МЕҢГЕРДІ
Қызылорда облыстық көпбейінді ауруханасының уролог-дәрігері Искаков Еркін Қонысұлы облыс әкімінің қолдауымен Литва Республикасының Каунас қаласындағы Литва денсаулық ғылымдары университетінің клиникасында біліктілігін арттырды.