​КӘСІБИ МЕРЕКЕНІ АТАП ӨТТІ

Бүгін Көпбейінді облыстық аурухана ұжымы Медицина қызметкерлері күнін атап өтті.

Салтанатты шарада алғы сөз алған сала ардагері, аурухананың Құрметті директоры Тұрғанбай Маханұлы әріптестерін құттықтады. Мекеме директоры Жасұлан Болатбекұлы да ақ тілегін арнап, аурухана қызметінің дамуына үлес қосып жүрген барша әріптестеріне алғысын білдірді. Бір топ белсенді қызметкерлерге марапат табыс етті. Бастауыш кәсіподақ ұйымының сыйлықтары берілді.

Іс-шара А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйі өнерпаздарының қатысумен концерттік бағдарламаға ұласты.