​ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯМЕН ОТА ЖАСАУ ӘДІСІН МЕҢГЕРДІ

Қызылорда облыстық көпбейінді ауруханасының уролог-дәрігері Искаков Еркін Қонысұлы облыс әкімінің қолдауымен Литва Республикасының Каунас қаласындағы Литва денсаулық ғылымдары университетінің клиникасында біліктілігін арттырды.

Халықаралық тәжірибе алмасу барысында дәрігер 3D технологияны қолданып ота жасау әдісін меңгерді. Бұл инновациялық тәсіл ота кезінде адам ағзасындағы тіндерді бір-бірінен нақты ажыратып, операцияның қауіпсіздігін едәуір арттырады.

Біліктілік арттыру сапары барысында Еркін Қонысұлы ер адамдарда кездесетін қуық асты безінің қатерлі ісігін ерте кезеңде анықтау және емдеу әдістерін, сондай-ақ бүйрек қатерлі ісігі кезінде ағзаны сақтап қалуға мүмкіндік беретін ота тәсілдерін тереңірек меңгерді.

Сапар соңында дәрігерге Литва денсаулық ғылымдары университетінің урология бөлімінің меңгерушісі, профессор Миндаугас Йевалтас (Mindaugas Jievaltas) сертификат табыс етті.

Дәрігерлердің дамыған елдерде тәжірибе жинауына қолдау білдіріп отырған облыс әкімі Нұрлыбек Мәшбекұлына алғысымызды білдіреміз.