УРОЛОГИЯ БӨЛІМШЕСІ
Валишаев Исмуакмат Жаркенович
Бөлімше меңгерушісі
Жоғары санатты дәрігер
2002 жылдан бері урология бөлімі 25 төсек-орынмен жұмыс жасауда. Бөлімшеде Қызылорда облысы тұрғындарына жедел және жоспарлы көмек көрсетіліп жатыр.
Бөлімшеде төмендегідей тексеру әдістері қолданылады:
1. Толық тексеру: Кіші жамбас қуысы ағзалары, құрсақ қуысы, бүйрек, қуық асты безі, қуық УДЗ-сы және цистоскопия;
2. Урология бөлімі зертханасында келесі талдаулар жасалады.:
• урологиялық жағындыны өсімге алу
• спермограмма
• Зәр тас ауруы диагностикасы (жалпы шолу, т/і урография, ретроградты пиелография, компьютерлі томография
• магнитно-резонансты томография, цистография
• Қан талдаулары
• Зәр талдаулары (жалпы және Нечипоренко бойынша зәр талдауы)
• Қанның биохимиялық талдаулары
• Гормондарға қанды талдау
• Жыныс жолымен берілетін инфекцияларды анықтау
• антибиотиктерге сезімталдықты анықтауға өсім алу
• онкомаркерлер (қуық асты безі рагын ерте анықтау) және т.б.
3. Жыныс жолымен берілетін ауруларды емдеу және алдын алу;
4. Бүйрек шаншуы, жедел цистит және жедел зәр тоқтауы кезіндегі жедел көмек;
5. Көптеген урологиялық аурулар және инфекциялар диагностика және сапалы урологиялық ем
Жедел урология:
Бүйрек, несепағар, қуық, қуық асты безі, сыртқы жыныс мүшелері хирургиясы;
Жедел жағдайларда урологиялық көмек:
• Бүйрек шаншуы
• Жедел зәр тоқтауы
• макрогематурия (зәрде қанның болуы)
• Жедел пиелонефрит, парафимоз және басқа.
• Урологиялық түтіктерді ауыстыру (Фолея, Пеццер катетерлері және басқа.)
Хирургиялық андрология:
Қуықтың қатерлі және қатерсіз ісіктері кезінде эндоскопиялық оталар (трансуретралды резекция).
Қуықтың дисфункциясы, қуық асты безі гиперплазиясы кезіндегі оталар (Қуық асты безінің қатерсіз үлкеюі және үрпінің тарылуы)
Қуық асты безінің трансуретральды резекциясы (ТУР)
Ашық қуық арқылы аденомэктомия
Үрпіге эндоскопиялық оталар
Туа біткен ақаулар емі:
Туа біткен генитальды ақаулар кезінде пластикалық реконструкциялық оталар (фимоз, гипоспадия,эписпадия, аталық без эктопиясы, қуық экстрофисы кезінде)
Крипторхизм кезінде лапароскопиялық ота
Бүйрек және несепағар ақаулары, пиелоуретральды тарылу , бүйректің екі еселенуі кезіндегі пластиқалық реконструкциялық оталар,
Везико-уретеральды рефлюкс кезінде
Зәр тас ауруы емі
- Уретерореноскопия
- Экстракорпоральды тасты үгіту
- Зәр тас ауруының консервативті медикаментозды терапиясы
- Үлкен өлшемді тастар кезіндене фролитотомия отасы
- Перкутанды нефролитотрипсия
- Бүйректің коралл тәрізді тасын перкутанды нефролитотрипсия әдісімен емдеу.
Дәстүрлі хирургия:
- Фимоз
- Еркек жыныс мүшесі басының қабынуы
- Еркек жыныс мүшесі олеогранулемасы
- Гидроцеле (Аталық без су шемені)
- Аталық безі қосалқысы және ұрық шылбыры кисталары
- Варикоцеле
Қазіргі таңда зәр шығару жүйесі аурулары кезінде негізгі емдеу қағидаларын ұстана отырып, ашық ота және жалпы жансыздандыруды болдырмау мақсатымен жаңа оперативті емдеу және диагностикалау түрлері жүргізіліп, дамытылып жатыр. Бөлімше қызметкерлері өздерінің ғылыми-тәжірибелік білімін халықаралық семинарларға, Қазақстан урологтар съездеріне қатысу арқылы жетілдіруде. Соңғы 3 жылда бөлімше қызметкерлері қатысуымен 2 кітап шықса, 50-ге жуық мақала төмендегідей журналдар мен жинақтарда жарық көрді: как сборник материалов Съезда урологов Казахстан и ІІ Евразийского андрологического Конгресса, сборник трудов ХІ Конференции молодых ученых-медиков стран СНГ, в республиканских журналах «Наука и здравоохранение», «Валеология-Денсаулык-Ауру-Сауыктыру». Қызылорда облысының 70 жылдығына орай дәрігер-урологтардың аймақ тұрғындарына көрсеткен ерең еңбектеріне сай мақтау қағаздары мен құрмет төс белгілерімен марапатталды.
Валишаев Исмуакмат Жаркенович – Урология бөлімі меңгерушісі, жоғарғы санатты дәрігер-уролог
Искаков Е.К. – Екінші санатты дәрігер-уролог. Эндоуролог.
Ержанов Е.Г. – Екінші санатты дәрігер-уролог. Эндоуролог.
Жошкунов Р.Б. – Дәрігер-уролог.
Байланыс телефондары:
+7 (7242) 23-51-50
+7 (7242) 23-52-78
+7 (7242) 23-51-96
Ішкі нөмірлер 133, 159, 215