Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы құтты болсын!

Мерекелік іс-шарада аурухана директоры Н.Амитов ұжымды мерекемен құттықтап, жылы лебізін жеткізіп, бірнеше қызметкерлерге Алғыс хатпен қоса сыйлық сертификаты және Тоғызқұмалақ женімпаздарына арнайы дипломмен ақшалай сыйақы табыстады. Іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасып, наурыз көже таратылды.

Наурыз – көктем мен еңбектің, достық пен бірліктің мейрамы. Халқымыздың салт-дәстүрлерін құрметтеп, ұлттық қасиеттерімізді бойына сіңіріп, жан-жақты дамыған өнегелі, өнерлі азамат тәрбелейтін ұлы күн.

Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті – Наурыз мерекесі елімізге, әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт-береке, бақыт пен молшылық әкелсін!

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!