​ТРАВМАТОЛОГИЯ БӨЛІМШЕСІ

Сапаров Айдос Дарханович

Бөлімше меңгерушісі

Жоғары санатты дәрігер

Бөлімше 25 төсек орын, 13 палата, аурухананың 1-қабатында орналасқан. Бөлімшеде 13 палата 1, 2, 3 орындық. Әр палатада санитарлық бөлмесі, ыстық сумен жабдықталған. Бөлімшеде төсек орындары функциональды арайы жарық орындармен, қажетті құрал саймандармен толық қамтылған.

Қазіргі таңда травматология бөлімішесінде тірек-қимыл жүйесіне, жедел жарақат және оның салдарынан пайда болған ақауларға ота жасалынады.

Сондай ақ, түрлі ортопедиялық патологиясы бар науқастарға түрлі оталар жасалады. Бөлімшеде түрлі жарақат алған науқастың барлық қаңқалық сегменттеріне экстрамедуллярлы және интрамедуллярлы кіші инвазивті остеосинтез оталары практика жүзінде кеңінен қолданылады. Блоктаушы остеосинтез оталарының артықшылықтары ота аймағының жарақатының аздығы, сынықтың ерте бітісуі, науқастың ерте сауығуы.

Сүйек өзегін сынықтан қашық шегелеу отадан кейінгі инфекциялық асқынуларын еләуір төмендетеді (3-4%). Ота кезіндегі және отадан кейінгі қан кетулер, отаның ұзақ уақытқа созылмауы, кіші тілікпен бірнеше жерден кесіп остеосинтез жасалауы. Отадан кейінгі бірінші тәулікте, иммобилизациясыз балдақтың көмегімен жүреді, мұнан кейін отадан контрактуралардың болмайды. Бөлімшеде тізе буынына артроскопия отасы кеңінен қолданылады. Сондай-ақ бөлімшеде жаппай жамбас-сан және тізе буындардың кейіннен оңалтумен бірінші және одан кейінгі кезеңде жалғасады. Көптік жарақатпен түскен науқастарға уақытша бекітілетін стерженьді аппарат қойылады. Ота бөлімі Жапондық ЭОТ-тің (электронды-оптикалық түрлендіргіш) және Германдық артроскоппен және түрлі тері ішілік, сүйек ішілік остеосинтез оталарына қажетті аппараттармен жабдықталған. Науқастарға кеңес беру және әрі қарай емдеу тактикасын анықтау үшін, Астана қаласындағы травматология және ортопедия ғылыми зерттеу институтымен тығыз байланыстамыз.

Байланыс телефондары:

+7 (7242) 23-51-50

+7 (7242) 23-52-78

+7 (7242) 23-51-96

Ішкі нөмірлер 167, 153, 219