ТРАНСФУЗИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЕМДІК ПЛАЗМАФЕРЕЗ БӨЛІМІ
Трансфузиология және емдік плазмаферез бөлім меңгерушісі Исаева Әлия Варленқызы – жоғары санатты дәрігер.
Трансфузиология және емдік плазмаферез бөлімі – көпбейінді облыстық аурухананың маңызды әрі жоғары мамандандырылған бөлімдерінің бірі. Бөлімнің тарихы 1969 жылдан бастау алады. Осы уақыт ішінде қан дайындау қызметінен бастап, заманауи трансфузиологиялық көмек көрсету мен емдік плазмаферез жүргізуге дейінгі үлкен даму жолынан өтті.
Бөлімнің негізін қалаушы Ш.Н. Абдуллаевтың еңбегі зор. Қазіргі таңда бөлім заманауи технологиялармен жабдықталып, қан компоненттерін сақтау мен тарату, қан тобы мен резус факторын анықтау, донор мен реципиент қанының үйлесімділігін тексеру, сондай-ақ емдік плазмаферез жүргізу бағытында жоғары деңгейде қызмет көрсетеді.
1998 жылдан бері бөлімде емдік плазмаферез жүргізіліп келеді. Осы уақыт ішінде 7000-нан астам науқасқа 50 мыңнан астам емдік сеанс жасалып, мыңдаған адамның денсаулығын қалпына келтіруге үлес қосылды.
Бөлім қызметкерлері көпбейінді облыстық аурухананың дәрігерлері мен мейіргерлеріне тұрақты түрде оқыту семинарларын өткізіп, қан құю мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсетеді және заманауи трансфузиология қағидаларын тәжірибеге енгізуде.
Бүгінде бөлімде терапиялық плазмаферез кабинеттері, қан құю ортасын сақтауға арналған арнайы бөлмелер, тәулік бойы жұмыс істейтін қан компоненттерін тарату пункті және заманауи медициналық жабдықтар жұмыс істейді.
Трансфузиология және емдік плазмаферез бөлімі – тәжірибе мен инновацияны ұштастырған, үздіксіз дамып келе жатқан мамандандырылған бөлім. Көпжылдық тәжірибе, жоғары білікті мамандар мен заманауи технологиялардың арқасында бөлім ұжымы қан құю қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, емдік плазмаферездің тиімді әдістерін қолдана отырып, халыққа сапалы медициналық көмек көрсетуде.
Бөлімнің басты мақсаты – әрбір науқастың өмірі мен денсаулығын сақтауға үлес қосып, заманауи медицинаның мүмкіндіктерін тиімді пайдалану арқылы жоғары сапалы медициналық қызмет ұсыну.







