ТЕРАПИЯ №1
Цхай Елена Павловна
Бөлімше меңгерушісі
Жоғары санатты дәрігер
Терапия №1 бөлімшесі
Көп бейінді облыстық ауруханасы директорының №326 бұйрығымен 2020 жылдың 26 наурызынан бастап жасақталды.Бұл бөлімде 10- эндокринология, 10- гемотология, 10- неврологиялық төсек орналасқан. Бөлімше науқастарға стационарлық медициналық көмекті қолданыстағы заңнамамен және нормативтік құжаттармен алдын ала ескерілген көлемде кепілдік бағдарлама бойынша ұсынады.
Бөлімше эндокриндік жүйедегі бұзылыстармен байланысты ауруларды, қан ауруларын және неврологиялық ауруларды емдеумен айналысатын көп бейінді облыстық ауруханасының жоғары мамандандырылған стационарлық құрылымы болып саналады.
Эндокринологиялық төсек орындары - әртүрлі эндокринологиялық патологиялары бар науқастарға жоғары білікті көмек көрсетуге жағдай жасалған. Эндокринология проблемалары іс жүзінде медицинаның барлық салаларын қозғайды және кардиологиямен, хирургиямен, офтальмологиямен, гастроэнтерологиямен, гинекологиямен тығыз байланысты. Сондай ақ бөлімше базасында «Қант Диабетімен ауыратын науқастар мектебі» әрдайым жұмыс істейді.
Бөлімшеде қолданылатын емнің жаңа түрлері:
· Жаңа қантты төмендететін: джардинс, тражента, инсулиндер - трулисити, тресиба,
· Ұзақ уақыт әсер ететін қантты төмендететін дәрілерді қолдану
· Метформин тобымен қисындасуында глибенкламид пен глимепиридтің микронизирленген түрлерін қолдану.
(Гематологиялық профильде - қан аурулары науқастарына шұғыл және жоспарлы түрде арнайы гематологиялық көмек көрсетеді. Бөлімше базасында жұмыс істейтін гематологиялық бөлімше қала бойынша жалғыз.
Гематологиялық профльдің мақсаты:
· тұрғындарға қолжетімді арнайы көмек көрсету;
· қан жүйесі ауруларын ерте анықтау;
· гематология саласының пациенттерін уақытылы госпитализациялау;
· Бөлімшеде науқастарға анемияның келесі түрлеріне емдеу жүргізіледі (апластикалық, туа біткен және жүре пайда болған гемолиздік)
· Полихимиотерапия: Гемобластоз кезінде таргентті препараттарды қосып, стандартты химиотерапия кешенін пайдалану;
· Иммундытерапия;
· Қан және плазма препараттарымен трансфузиялық терапия;
· Анемия кезінде патогенетикалық терапия;
· Қанның ұю факторлары тапшылығы кезінде еселік ем.
· Облыстық кеңес беру орталығында гематолог дәрігер қабылдауы жүргізіледі.
· Сүйек миы ауыстырылған науқастарды стационарлы және амбулаторлы бақылап, иммуносупрессивті емді коррекциялау жүргізіледі
·
Неврологиялық профиль – қазіргі уақытта медицинаның ең қажетті саласының бірі.Нерв жүйесі ауруларының кең таралуы жайсыз экологиялық ахуалмен, соңғы кездегі қоғам дертіне айналған, жиі күйзеліске ұшыраумен, эмоционалдық жүктеменің ауырлығымен тығыз байланысты.Неврологиялық аурулар адамның өмір сапасын айтарлықтай төмендетеді, себебі ауырсынулар жиі қайталанып, еске сақтау қабілеті нашарлап, қимыл-қозғалысы бәсеңдейді.
Неврология бөлімшесінің қызметі науқастардың орталық және перифериялық нерв жүйесі дертіне арнайы медициналық көмек көрсету.
· жүйке жүйесінің тамырлық аурулары (инсульт, дисциркуляторлық энцефалопатия, созылмалы церебральды-васкулярлық аурулар);
· перифериялық жүйке жүйесінің аурулары (дорсопатия, соның ішінде омыртқа остеохондрозы, жарық, омыртқа аралық дискілердің протрузиясы, нейропатия, невралгия және басқалары).
· ми және жұлын жарақаттары;
Осының бәрі невролог дәрігерге келіп қаралуға себеп болып табылады. Себебі кез-келген аурудың, соның ішінде жүйке жүйесінің ауруларының адам өміріне қауіп тудыратын асқынуын күтпей алдын алған немесе ерте сатыда емдеген әлдеқайда жеңіл.
Терапия №1 бөлімшесін жоғары санатты эндокринолог дәрігер Цхай Елена Павловна басқарады. Бөлімшеде келесі дәрігерлері жұмыс атқарады:
Макатова Д.М. – жоғары санатты дәрігер-невропатолог
Шукирова Л. И – екінші санатты дәрігер-гематолог
Қыпшақбаева А.М. – дәрігер-эндокринолог
Бөлімше қызметкелері жыл сайын Қазақстанда, жақын және алыс шетелдерде мамандығы бойынша біліктілікті арттырудан, қайта даярлаудан өтеді.
Біздің мекен –жайымыз:
Қызылорда қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев көшесі № 72
Байланыс:
+7 (7242)23-51-50