СУРЕТТІ СӨЙЛЕТКЕН МАМАНДАР
8 қараша — Халықаралық рентгенолог күні
Құрметті Көпбейінді облыстық аурухананың барша рентгенологтары!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – рентгенолог күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Білікті маман ретінде адам ағзасын рентген сәулелері арқылы зерттеп, дәл диагноз қоюда сіздердің біліктіліктеріңіз маңызды. Дәрігерлердің шешім қабылдауына маңызды ақпарат ұсынатын рентгенолог берген қорытынды науқас емінің бағытын анықтайды. Сіздердің жоғары кәсіби шеберліктеріңіздің арқасында талай науқасқа дұрыс диагноз қойылып, дер кезінде көмек көрсетілуде.
Еңбектеріңізге табыс, өмірлеріңізге шаттық, отбасыларыңызға амандық тілейміз! Халық саулығы жолындағы қажырлы еңбектеріңіз елене берсін!







