Шеберлік сағаты өтті (мастер-класс)


Бұған дейін жүрек ырғақ бұзылысы жүрекшелер фибрилляция диагнозымен есепте тұратын науқастарға 6 ай ішінде 50 ге жуық ота жасалды. Бұрын Жүрек ырғағы бұзылысы диагнозымен ауыратын науқастар Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларына жоспарлы отаға жолданатын. Нұр-Сұлтан қаласы Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықтың интервенционды аритмология бөлім меңгерушісі, Қазақ аритмологтар қоғамының президенті, мғд, доцент Аян Абдрахмановпен бірлесе 4 науқасқа ота жасалынды. Доцентке көмекші ретінде №2 кардиология бөлім меңгерушісі Н.М.Лепесов, аритмолог Р.М.Абдрашит. Ота медбикелері: С.Тохан, Г.Алимханова Е.Тлегенов И.Акбердинқызмет көрсетті. Жаңа технологиялық аппарат арқылы отаның жаңа тұстары мен қыр-сыры көрсетілді. Қазіргі таңда отадан кейін барлық науқастар өзін жақсы сезінуде. Үй жағдайына шығарылуға дайын.