ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ ӨТТІ
Облыстың уролог мамандарының біліктілігін арттыру мақсатында бүгін көп бейінді облыстық аурухананың мәжіліс залында облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен шеберлік сағаты өтті.«Простата аденомасындағы лапароскопиялықаденомэктомия» тақырыбында Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы ауруханасыныңэндоуролог дәрігері Б.Г.Касымов өз тәжірибесімен бөлісті. Шеберлік сағатына барлық медицина ұйымдарыныңуролог мамандары қатысты. Іс-шара соңында әріптестер өзара пікір алмасты.