Ревматология
НУРТАЕВА ГУЛЖАУХАР РЗАХУЛОВНА
Бөлімше меңгерушісі
Ревматология бөлімшесі 2026 жылдың сәуір айында ашылып, тірек-қимыл аппараты және дәнекер тінінің жүйелі аурулары бар науқастарға мамандандырылған жоғары білікті медициналық көмек көрсететін заманауи бөлімшелердің бірі болып табылады.
Бөлімшеде тәулік бойы жұмыс істейтін 30 төсек-орын қарастырылған. Жалпы саны 29 қызметкер жұмыс істейді: 4 дәрігер-ревматолог, 13 мейірбике және 12 кіші медицина қызметкері. Мамандар жоғары біліктілікке ие, өз білімдерін үнемі жетілдіріп, заманауи емдеу әдістерін тәжірибеге енгізуде.
Бөлімшенің негізгі бағыттары:
* ревматологиялық ауруларды диагностикалау және емдеу;
* аутоиммунды және қабыну аурулары бар науқастарды жүргізу;
* базистік терапияны таңдау және түзету;
* инфузиялық терапия жүргізу;
* динамикалық бақылау.
Емделетін аурулар:
* ревматоидты артрит;
* жүйелі қызыл жегі;
* анкилоздаушы спондилит (Бехтерев ауруы);
* дераматомиозит;
* полимиозит
* жүйелі васкулиттер;
* жүйелі склеродермия;
* басқа да буын және дәнекер тін аурулары.
Бөлімшеде заманауи емдеу әдістері, соның ішінде гендік-инженерлік биологиялық терапия (ГИБТ) кеңінен қолданылады. Бұл ем түрі аурудың белсенділігін төмендетуге, асқынулардың алдын алуға және науқастардың өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Дәрігерлер үнемі білімін жетілдіріп, халықаралық стандарттарға сәйкес жұмыс жүргізеді.
Біздің мақсатымыз — дер кезінде диагноз қою, тиімді ем жүргізу және науқастардың өмір сапасын арттыру.
Бізбен байланысу:
+7 (7242) 23-51-50
+7 (7242) 23-52-78
+7 (7242) 23-51-96
Ішкі нөмірлер339, 173, 229, 331







