РЕАБИЛИТАЦИЯ БӨЛІМШЕСІ №1

Абенова Ғалия Ибадуллақызы

Бөлімше менгерушісі

Жоғарғы санатта дәрігер

Реабилитация бөлімшесінің негізгі мақсаты – жүйке жүйесі аурулары бар және жедел неврологиялық аурулардан кейінгі науқастардың денсаулығын қалпына келтіру.

Бөлімшеде келесі аурулар бойынша емдеу және оңалту шаралары жүргізіледі:

1. Бас миы қан айналымының жедел бұзылыстарынан кейінгі жағдайлар, дисциркуляторлық және гипертензиялық энцефалопатиялар.

2. Шеткі жүйке жүйесінің аурулары: радикулиттер, остеохондроздар, ламинэктомиядан кейінгі жағдайлар.

3. Арахноидиттер: жарақаттан, нейроинфекциядан кейінгі және жұлын арахноидиттері.

4. Невриттер мен невралгиялар.

5. Тірек-қимыл аппаратының дегенеративті-дистрофиялық аурулары.

Науқастардың тез әрі тиімді сауығуы үшін бөлімшеде заманауи емдеу және диагностикалау әдістері қолданылады. Емдеу үдерісін өз ісінің білікті мамандары жүзеге асырады.

Көпбейінді облыстық аурухана базасында жүргізілетін кешенді ем құрамына мыналар кіреді:

1. Медикаментоздық терапия.

2. Су емшаралары: бассейн, гидромассаж, душ, ванналар, су асты тарту, бальнеотерапия.

3. Физиотерапиялық емдеу әдістері: массаж, аэрозольтерапия, парафинмен емдеу, құрғақ тарту, электросон, УЖЖ (УВЧ), СМТ-форез, ультракүлгін сәулемен емдеу (УФО), электрофорез, амплипульс-терапия.

4. Емдік дене шынықтыру және механотерапия.

5. Гипербариялық оксигенация (ГБО).

6. Рефлексотерапия.

Байланыс телефондары:

+7 (7242) 23-51-50

+7 (7242) 23-52-78

+7 (7242) 23-51-96

Ішкі нөмірлер: 103, 347, 365