ҚЫЗЫЛОРДАДА АЛҒАШ РЕТ БАУЫРҒА ТРАНСПЛАНТАЦИЯ ЖАСАЛДЫ
Алғаш рет Көпбейінді облыстық ауруханада 1985 жылы туған азаматшаға туыстық донордан бауыр трансплантациясы жасалды. Донор 1993 жылы туған азамат күйеуінің інісі (қайнысы).
Науқас 2016 жылдан бері “Бауыр циррозы ауруымен «Д» есепте тұрады, консервативті алған емі нәтижесіз болған. Қазіргі диагнозы: “Бауыр циррозы созылмалы В вирусты гепатиті мен дельта агенті негізінде, СТР бойынша В класы, MELD – 20 балл. Порталдық гипертензия. Гиперспленизм синдромы. Тромбоцитопения. Спленомегалия”
ОТА ОПЕРАТОРЛАРЫ:
Болатбек Баймаханов — А.Н.Сызғанов атындағы ҰХҒО бас дәрігері, м.ғ.д., профессор. Жасұлан Баймаханов —Қызылорда Көпбейінді облыстық аурухананың директоры, PhD, хирург-трансплантолог.
Мақсат Досханов — А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығында “бауыр, ұйқы безі және өт жолдары хирургиясы мен бауыр трансплантациясы” бөлімінің меңгерушісі, хирург-трансплантолог.
Ербол Серікұлы — Көпбейінді облыстық аурухана директорының хирургия жөніндегі орынбасары;Серік Тілеуов, Жамбыл Оспан — А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығында “бауыр, ұйқы безі және өт жолдары хирургиясы мен бауыр трансплантациясы бөлімінің” дәрігерлері, хирург-трансплантологтар. Әсет Жалмағанбетов — Көпбейінді облыстық аурухананың хирургия №1 бөлімінің меңгерушісі;
АНЕСТЕЗИОЛОГТАР:
Тілеуберді Кеңесбайұлы Қуандықов — жоғары санатты анестезиолог-реаниматолог, медицина ғылымдарының кандидаты, Алматы қаласының штаттан тыс бас анестезиолог-реаниматологы, А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы анестезиология және реанимация бөлімінің меңгерушісі.
Владимир Владимирович Мутагиров – жоғары санатты анестезиолог-реаниматолог дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты, А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының анестезиология және реаниматология бөлімінің аға ординаторы;
Көпбейінді облыстық аурухананың №1 Реанимация бөлімінің анестезиолог- реаниматолог дәрігері Атакаев Абдусамат, анестезиолог- реаниматолог дәрігері Арайбек Ғаниев. Донордың бауырының 60-65 пайызы реципиентке салынды. Он сағатқа созылған ота сәтті өтті.