ҚҰРМЕТТІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ!
Көпбейінді облыстық ауруханасының басты ұстанымы – әрбір пациентке сапалы медициналық көмек көрсету, оның құқықтарын құрметтеу және әдепті қарым-қатынас жасау.
Егер медициналық көмек алу барысында медициналық қызметкер тарапынан дөрекілік, әдепсіз қарым-қатынас немесе қызмет көрсету сапасына қатысты қандай да бір мәселе туындаса, жағдайды назардан тыс қалдырмай, аурухана әкімшілігіне хабарласуыңызды сұраймыз.Сенім телефоны: 8 708 440 83 81
Пациенттердің өтініштері мен ұсыныстары медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға және пациенттерге қолайлы жағдай қалыптастыруға бағытталған маңызды кері байланыс болып табылады.
Сондықтан әрбір өтінішке жауапкершілікпен қарап, туындаған мәселелер бойынша аурухана әкімшілігіне хабарласуға шақырамыз.
Әр өтініш назардан тыс қалмайды!
Құрметпен, көпбейінді облыстық ауруханасының бас дәрігері
Баймаханов Жасұлан Болатбекұлы







