Паллиативтік көмек және мейірбике күтімі бөлімшесі

Паллиативтік көмек және мейірбике күтімі бөлімшесі

2020 жылғы 26-наурыз айында ауруханада паллиативтік көмек және мейірбике күтімі бөлімшесі 20 төсек-орынмен ашылды.

Паллиативтік көмек және мейірбике күтімі бөлімшесі – аурухананың құрылымдық бөлімшесі және азаматтарға стационарлық жағдайда паллиативтік медициналық көмек көрсету мақсатында құрылған.

Бөлім меңгерушісі – жоғары санатты дәрігер Оразова Гүлнар.

Бөлімше жұмысының негізгі мақсаты емделмейтін, өмірге қауіп төндіретін және ауыр өтетін аурулары бар пациенттерге барынша мүмкін болатын деңгейде паллиативтік көмек көрсету болып табылады. Мұнда науқастар ОНМК, ми мен жұлынның әртүрлі жарақаттары, жүрек-тамыр жүйесі мен бүйрек ауруларымен, сондай-ақ Паркинсон және Альцгеймер аурулар бойынша ем алады. Айта кетерлігі, мұнда науқастар ем алумен қатар мейірбикелік күтімді де пайдаланады.

Бөлімшедегі пациенттердің көпшілігі дәрі-дәрмекпен емдеуді ғана емес, сонымен қатар үнемі сыртқы күтімді де қажет етеді. Олардың көпшілігі тіпті төсекте өздігінен қозғала алмайды, гигиеналық процедураларды орындай алмайды, өздігінен ішіп-жей алмайды. Осындай ауыр және ұзақ сатылы ауруға шалдыққан науқастармен, сондай-ақ мінез-құлқының жас ерекшеліктеріне ие, яғни қарт адамдармен жұмыс істеу медицина қызметкерлерінен жоғары кәсіби білімді және адамдық қасиетті, жанашырлық пен мейірімділікті талап етеді. Паллиативті көмек және мейірбике ісі бөлімінің барлық қызметкерлері осындай қасиеттерге ие. Құрылған сәттен бастап бөлімшеде науқастарға кәсіби және тілектестік көмек көрсететін үйлесімді ұжым қалыптасты.