ОТА БӨЛІМІ – ӨМІР ҮШІН КҮРЕСТІҢ АЛҒЫ ШЕБІ
"Адам өмірін сақтап қалу – медицинадағы ең қасиетті міндеттердің бірі". Осы жауапты істің дәл ортасында тәулік бойы тынымсыз еңбек ететін ота бөлімінің ұжымы тұр. Әрбір сәттің бағасы қымбат операциялық залда кәсібилік, батылдық пен жауапкершілік қатар жүреді. Ақ халатқа адал жандардың жанкешті еңбегі талай адамның өміріне үміт сыйлап келеді.
Бөлім меңгерушісі: Исаева Әлия Варленқызы – жоғары санатты анестезиолог-дәрігер. Бөлім ашылған 2001 жылдан бастап ұжымды абыроймен басқарып келеді.
Ота бөлімінің жетістіктері:
2001 жылдың қараша айында дербес бөлім ретінде құрылды.
Қазіргі таңда бөлім құрамында:
6 асептикалық ота бөлмесі;
3 септикалық ота бөлмесі;
офтальмологиялық операциялық залдар;
перинаталдық орталыққа арналған қосымша ота бөлмесі жұмыс істейді.
Хирургиялық көмектің көлемінің артуына байланысты тағы 2 жаңа ота бөлмесін ашу жоспарланған.
Заманауи технологиялар:
5 эндовидеохирургиялық аппарат;10 электрокоагулятор;
10 вакуумдық аспиратор;
заманауи анестезиялық және тыныс алу аппараттары;
плазмалық стерилизатор;
CellSaver 5+ арқылы операция кезінде науқастың өз қанын қайта құю жүйесі;
офтальмологиялық микроскоп және жоғары технологиялық эндовидеокешендер.
Ота бөлімінде:
Жыл сайын 10 мыңнан астам түрлі операция жасалады;
Нейрохирургияда жаңа технологиялар енгізілген;
Омыртқа оталарында заманауи импланттар қолданылады;
Микродискэктомия және эндоскопиялық операциялар жасалады;
Травматологияда артроскопия, блоктаушы остеосинтез, жамбас және тізе буындарын ауыстыру операциялары сәтті жүргізілуде.
Бөлімнің басты күші – оның ұжымы.
Операциялық залдағы үйлесімді жұмыс хирургтардың ғана емес, операциялық мейіргерлер мен кіші медицина қызметкерлерінің қажырлы еңбегінің нәтижесі. Олар тәуліктің кез келген уақытында адам өміріне араша болуға дайын.
Бүгінде бөлімде: 23 операциялық мейіргер; 16 тазалықшы қызмет етеді.
Ота бөлімі – бұл тек операция жасалатын орын емес, бұл – кәсібилік пен мейірім, жауапкершілік пен жанқиярлық тоғысқан қасиетті мекен. Әрбір сәтте адам өмірі үшін күресіп жүрген бөлім ұжымының еңбегі зор құрметке лайық.
Медицина қызметкерлері күні қарсаңында ота бөлімінің барлық қызметкерлеріне зор денсаулық, отбастарына амандық, еңбектеріне толағай табыс тілейміз! Ақ халаттарыңызға кір жұқпай, халықтың алғысы мен құрметіне бөлене беріңіздер







