ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН КЛИНИКАЛЫҚ - АНЫҚТАМАЛЫҚ ЗЕРТХАНА

Даутбаева Алтынай Кенесовна

Бөлімше меңгерушісі

ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН КЛИНИКАЛЫҚ - АНЫҚТАМАЛЫҚ ЗЕРТХАНА – диагностикалық қызметтер арасында маңызды орынды алады және тиімді емдеудің өткізілгендігін анықтау, клиникалық шешімнің дұрыс уақытылы қабылдануын, аурудың алдын алу және диагностикалау үшін қажетті диагностикалық ақпараттар көлемінің 80% жуығын жеткізеді

Зертхана жоғары технологиялық автоматтық жүйемен жабдықталған. Зертханалық қызметтер заманауи деңгейде кең спектрда жүзеге асырылады:

• Гематологиялық (16 көрсеткіштерден аса);

• Биохимиялық( 20 көрсеткіштерден аса);

• Жалпы клиникалық;

• Коагулологиялық;

• Цитологиялық;

• Иммуносерологиялық;

Клиникалық-диагностикалық зертханада талдаулардың келесі түрлері жасалады:

- жоғары сезімтал тропонинді, миокард инфарктысын диагностика жасау үшін, Д-димерді, натрий уретикалық пептидті, жоғарысезімтал

- СРБ анықтау.

- кардиохирургиялық оталар жасау үстінде қанның құрамындағы газдардың, оксиметрия, электролиттер, глюкоза мен лактаттың метаболиттерін зерттеу.

- антиагреганттар мен антикоагулянттар қабылдаған миокард инфарктысы бар, кардиохирургиялық оталардан кейінгі науқастардың гемостаз көрсеткіштерін анықтау.

- атеросклероздың негізгі метаболикалық қауіп факторларын анықтау үшін және гиполипидемиялық емді бақылау мақсатында липидтік спектр көрсеткіштерін анықтау.

Зертхана жұмысының басты аспектілері:

• заманауи инновациялық жабдықтармен жабдықтау, ол нәтижелер дұрыстығының жоғары дәрежесін кепілдейді;

• орындалатын зерттеулердің кең спектрі;

• қан аларда қауіпсіз жүйелер қолдану;

• мамандарды дайындаудың жоғары деңгейі;

• нәтижелердің интерпретациясын жеңілдету үшін ыңғайлы хабарландыратын бланктер;

• өткізілген зерттеулердің сапасын бақылау;

• қатаң құпиялылық;

КДЛ кабинеттері 4- қабатта орналасқан.

Зертхана үзіліссіз жұмыс жасайды.

Байланыс телефондары:

+7 (7242) 23-51-50

+7 (7242) 23-52-78

+7 (7242) 23-51-96

Ішкі телефон номері 312, 362, 193, 169