ОФТАЛЬМОЛОГТАР ТӘЖІРИБЕСІМЕН БӨЛІСТІ
Бүгін Көпбейінді облыстық аурухананың мәжіліс залында «Офтальмологияның өзекті мәселелері» тақырыбында офтальмолог мамандары арасында семинар өтті.
Шараны Қазақстан Республикасында офтальмологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 2 қарашадағы №168 бұйрығын орындау мақсатында облыстық Денсаулық сақтау басқармасы ұйымдастырды.
Семинарда «Офтальмологиядағы лазерлік емдеудің жаңа әдістері» тақырыбында орталық қалалық емхананың офтальмолог дәрігері А.С.Ибраева дәріс оқыды.
Сонымен қатар «Глаукоманың заманауи медикаментозды емдері» Көпбейінді облыстық аурухананың көз аурулар бөлімінің ординаторы Байхадамов Мұрат Махмутұлы, «Қасаң қабық аурулары» тақырыбында Көпбейінді облыстық аурухананың көз аурулар бөлімінің ординаторы Кушалиев Ибрагим Гулалиұлы баяндама жасап өз тәжірибелерімен бөлісті.
Семинарға облысымыздағы барлық медициналық ұйымдардың офтальмолог мамандары қатысып, білімдерін жетілдірді.