НЕЙРОХИРУРГИЯ БӨЛІМШЕСІ
Оразмаханұлы Шынжырбай
Бөлімше меңгерушісі
Жоғары санатты дәрігер
Нейрохирургия бөлімшесінде, облыс және аудан халқына жоспарлы және жедел мамандандырылған көмек көрсетіледі. Бөлімше 35 орынға есептелген, оның 5-уі нейрохирургиялық отадан кейінгі оңалтуға арналған. Біздің бөлімшеде нейрохирургия саласының нейроонкология, бас және жүйке жүйелерінің ауытқулары, омыртқа аурулары және жедел жарақаттары, орталық жүйке жүйесінің ауытқуларына емдеу саласында аса мән беріледі. Кез келген отаны жоспарлау барысында әр науқасқа жағдайына байланысты кіші инвизативтік әдістер қолданады. Бұл жағдай минимальды-оптимальды жетілулерді жоспарлау арқылы жүзеге асырылады, ол арқылы қоршаған тіндерге зақым келтірмей отаның негізгі кезеңін жасауға болады. Нейрохирургия бөлімшесінде геморрогиялық инсульттерге, омыртқа жотасының барлық деңгейлерінің, дегенеративті ауруларымен жарақаттарына, орталық және перифериялық жүйке жүйелерінің жарақаттарына бас ми ішілік іріңді қабынған асқынуларына, және нейроонкология бағытында оталар жасалады. Алматы қалалық дәрігерлердің білімін жетілдіру мемлекеттік институтының нейрохирургия кафедрасының, Астана қаласы ұлттық нейрохирургия орталығымен, Қарағанды қаласы облыстық медициналық орталығының нейрохирургия бөлімшесімен, А.Л.Поленова атындағы Санкт-Петербург қаласы нейрохирургия институтымен, Мәскеу қаласы А.Н.Бурденко атындағы нейрохирургия институттарымен тығыз қарым-қатынас жасалынады.
Жасалынатын медициналық көмек түрлері:
1.Оқшауланған және қосарланған бас ми жарақаттары кезінде жедел нейрохирургиялық көмек (хирургиялық және консервативті )
-Бас ми шайқалуы.
-Бас миының соғылуы.
-Бас сүйегінің және негізінің сынықтары.
-Бас сүйек ішілік қан құюлар (бас сүйегінің трепанациясы)
-Басың оң жарақаттары.
2. Жарақаттан кейінгі бас сүйек дефектілері кезінде хирургиялық ем (бас сүйек дефектілерінің пластикасы)
3.Омыртқа жұлын нейрохирургия:
1. Жұлын ми және омыртқа жотасы ауытқуларында микрохирургиялық технологиялар.
2. Омыртқа жотасының дегенеративті зақымданулары кезінде тұрақтандыру оталары.
3. Жұлын ми омыртқа жотасы көлемді түзілістерін микрохирургиялық алып тастау.
4. Омыртқа жотасы ауытқулар кезінде вертебропластика және кифопластика.
5. Омыртқа аралық диск жарақаттарын микрохирургиялық алып тастау.
6. Омыртқа аралық дисктерді протездеу.
7. Омыртқа жотасының транспедикуляры.
8. Омыртқа жотасын динамикалық тұрақтандыру.
4.Нейроонкология:
-Әртүрлі орналасқан және жайылған базальды менингиомалары.
-7 жұп жүйкесінің невриномалары.
-Gl-GIV бас ми глиомалары.
-Әртүрлі этиологиялары гидроцефалиялары.
-Бас миының арахноидальды және кисталары.
-Бас миының екіншілік ісіктері.
-Бас сүйегінің және негізінің ісіктері.
-ММУ ісіктері
5. Тамырлық нейрохирургия:
1.Бас ми тамырларының аневризмаларын эндоваскулярлы емдеу (микросперальдарымен, балон және стенд қолдану арқылы қайта модельдеу)
2.Тамыр аномалияларын микрохирургиялық кесу (артериовенозды мальформациялау, артеривенозды фистулалар).
3.Тамыр ауытқуларын желімді компонентті эндоваскулярлы инвизивтік.
6. Нейрохирургиялық науқастарға нейрореабилитациялық төсек орындары мамандандырылған қалпына келтіру емдерін жасайды:
Ауыр бас ми жарақаттарынан кейін перифериялық жүйке жүйесінің жарақаттарында және де нейрохирургиялық отадан кейін.
Қалпына келтіру емінің кешені құрамына мыналар кіреді:
- Емдік дене шынықтыру жабдықтарымен топтық және жеке жаттығулар.
- Механотерапия.
- Сөйлеу қабілеті бұзылулары кезінде логопедтік жаттығулар.
- Иглорефлексотерапия.
- Физиологиялық ем(магнит-терапия, лазеротерапия, электростимуляция, гидромассаж, маржанды ванна, 4 камералы гальванованна,
камералы контрасты ванна, душ Шарко, циркулярлы душ т.б)
- Массаж
- Гидрокенезотерапия.
- Медикаментозды ем.
Бұл зақымдалған функцияларды толық немесе жартылай қалпына келтіру, өзіне қызмет жасауға үйрету, еңбекке қабілеттілікті қалпына келтіруге бағытталған кешенді медициналық іс-шаралар.
Жұмыстың ерекшелігі әр науқасқа арналған жеке оңалту бағдарламаларын құру және орындау болып табылады, қызметкерлердің жоғары мамандануы және сыпайы қарым қатынасы.
Шақыру бойынша нейрохирургиялық кеңес бригадасы «Санавиция».
Бригаданың негізгі міндеттері:
1.Жедел нейрохирургиялық ауруларға ауыр бас ми жарақаттарында, асқынған омыртқа жотасы сынықтарында,
омыртқа жотасы және жұлын ми аурулары кезінде тәулік бойы кеңес беру және емдеу ісі бойынша көмек көрсету.
2. Бригадаға қойылған міндеттерімен қатар келесі функциялар жүктеледі:
- Арнайы тексеру жүргізу (эхоэнцефалоскопия, краниография және т.б.) Кеңес орнында және тасымалдау кезінде науқасқа қажетті медициналық көмек көрсету.
- Науқасты ауыстыруға көрсеткіштерді анықтау және науқасты профильды нейрохирургиялық бөлімше аудару.
- Аударуға жарамайтын науқастарға емдеу-профилактикалық мекемелерінде кеңес беру және нейрохирургиялық оталарды жасау. Бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін бригада АН-2 ұшағы, Wolksvagen, Huindai автокөліктері бар, олар жылжымалы эхоэнцефалоскоппен, ота жасауға арналған жарығы бар лупа, нейрохирургиялық құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етілген
Бөлімше жабдықтары:
Барлық оталар қазіргі заманға сай дүниежүзілік өндірушілердің микроскоптарын (Karl Zeiss; Karl Storz, Germany), бақылауымен электронда-оптикалық түлендіргіш (Siemens, USA) жоғарғы жиілікті плазмалық коагулятор, ультрадыбысты сорғыш (Soring, Germany), микрохирургиялық құрал-жабдықтар, жоғарғы айнaлмалы тескіш (Aesculap, Germany), көмегімен жасалынады.
Омыртқа жотасы ауытқуларын қалпына келтіру тұрақтандыру оталарын жасау үшін, алдыңғы қатарлы дүние жүзілік өндірушілерінің қүрал-жабдықтары қолданады.(De Puy, J&J, USA , Metronic, USA, Stryker, USA, B.Braun-Aesculap, Germany) жүйелер PLIF-,TLIF-,VLIF,-кейдждер; транспедикулярлы бекіту жүйелері, оның ішінде тері арқылы, омыртқаның артқы өсінділер аралық динамикалық тұрақтандыру жүйелері DIAM, трансартикулярлы бекіту вертебропластикаға арналған жүйелеp «confidence» т.б
Бөлімше мүмкіншіліктері:
Науқастарды емдеу кіші инвазивті ұстаным минимальды жарақаттау және бас миының және жұлын мидың тіндеріне ұқыпты қарау арқылы жүзеге асырылады. Өзіміздің тәжірибиемізде біз тек қана заманауи технологияларды қолданамыз. Оларды қолдану бізге бекітуші жүйелерді дәл орнатуға ота кезінде бақылауға, науқастарға толыққанды өмірге ерте кезеңдерге оралуға септігін тигізеді жасалатын оталардың көбісі жоғары технологиялы нейрохирургиялық оталардың жоғары ауырлық санатына жатады.
Бізбен байланысу:
+7 (7242) 23-51-50
+7 (7242) 23-52-78
+7 (7242) 23-51-96
ішкі нөмірлер 163, 114, 218