ВИЦЕ-МИНИСТР АУРУХАНА ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Бүгін Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау вице-министрі Бүркітбаев Жандос Қонысұлы іс-сапармен облысымызға келді. Көп бейінді облыстық ауруханада болып, бөлімшелерді аралады. Көрсетілетін медициналық қызметпен танысып, науқастардың жағдайын білді. Аурухананың алдағы жоспарларымен танысып, медицина мамандарына сәттілік тіледі.