ҮЗДІК МЕЙІРГЕРЛЕР ТӘЖІРИБЕСІ – ЖАС МАМАНДАРҒА ҮЛГІ
Халықаралық мейіргерлер күні аясында ұйымдастырылған апталық барысында «Үздік мейіргерлермен сұхбат» атты мазмұнды шара өтті.
Іс-шара аясында тәжірибелі мамандармен, тәлімгерлермен, кәсіби байқаулардың жеңімпаздарымен және мейіргер ісінің ардагерлерімен сұхбат жүргізілді. Кездесуге ауруханамыздың бірнеше мейіргер ардагерлері арнайы шақырылып, өздерінің кәсіби жолы, мамандыққа деген адалдығы мен құндылықтары жайында ой бөлісті.
Сұхбат барысында олар қызмет жолында кездескен күрделі жағдайлармен бөлісіп, сол сәттерден алған тәжірибелері туралы айтты. Сонымен қатар жас әріптестерге бағыт-бағдар беріп, мамандыққа жауапкершілікпен қарау, үнемі ізденісте болу және адамға жанашырлық таныту секілді маңызды кеңестерін жеткізді.
Аталған шара жас мамандар үшін үлкен тағылым мен тәжірибе алмасу алаңына айналды.







