ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮРІМІЗ ЖАҢҒЫРА БЕРСІН
Бүгін Наурызнама аясындағы үшінші күн - Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні. Бұл күн халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени мұрасын, әдет-ғұрпы мен ұлттық құндылықтарын дәріптеуге арналған. Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні – ұлттың рухани тамырын тереңірек танып, ұмыт бола бастаған дәстүрлерді қайта жаңғырту маңызды. Бұл бастама әсіресе жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыруға бағытталған.







