​ТҰРҒАНБАЙ МАХАНОВ — “ПАРАСАТ” ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Бүгін Өнер орталығында Республика күніне арналған салтанатты шара өтті. Онда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес “Парасат” ордені мемлекеттік наградасы медицина саласының үздігі, сала ардагері, Көпбейінді облыстық аурухананың “Құрметті Директоры” Тұрғанбай Маханұлы Махановқа табысталды. Мемлекет басшысының марапатын облыс әкімі Нұрлыбек Мәшбекұлы табыс етті.

Сыр медицинасының даму жолында жемісті еңбек еткен Тұрғанбай Маханұлының өнегелі еңбек жолы қашанда жастарға үлгі. Аурухана ұжымы ардақты ардагерімізді марапатымен құттықтаймыз! Деніне саулық, отбасына шаттық тілейміз!