​ТРАНСПЛАНТАЦИЯ ЖАСАТҚАН НАУҚАСТАР ҮЙГЕ ШЫҒУҒА ДАЙЫНДАЛУДА

Естеріңізде болар, Көпбейінді облыстық ауруханада алғаш рет бір күнде үш бірдей науқасқа бүйрек трансплантациясы жасалған болатын.

Бүгін аурухана директоры Жасұлан Болатбекұлы емалушылармен кездесіп, зор денсаулық тіледі.

Жақын күндері олар үйлеріне шығарылатын болады. Жағдайлары бірқалыпты. Әрі қарай, емханалық ем қабылдайды.

Өз кезегінде науқастар да ақ халатты жандарға алғыстарын айтты.