​СЫР КАРДИОЛОГТАРЫ ДӘРІСКЕ ҚАТЫСТЫ

Бүгін Көпбейінді облыстық аурухананың мәжіліс залында «Жедел коронарлы синдром. Созылмалы жүрек жетіспеушілігі. Жаңа нұсқаулар мен кеңестер, жаңа диагностикалау хаттамалары» тақырыбында дәріс өтті. Іс-шара «Қазақстан Республикасында қанайналымы жүйесі аурулары кезінде медициналық көмек көрсетуді жетілдіру жөніндегі 2022-2023 жылдарға арналған жол картасы аясында ұйымдастырылған.

Онда аурухананың кардиология №1 бөлімшесінің кардиологы Гульназ Жунусова «Жедел коронарлы синдром. Амбулаторлы жане стационар денгейінде көмек беру. Диагностикасы. Жаңа нұсқаулар мен кеңестер», Қызылорда облысының штаттан тыс бас кардиологы Алия Мырзабаева «Созылмалы жүрек жетіспеушілігінің жаңа емдеу протоколы. Диагностикасы. Емдеу жолдары» тақырыбында баяндамалар жасады.

Дәріске облыстық медицина ұйымдарының мамандары қатысып, пікір алмасты.