СЫР ЕЛІНЕ ӘРІПТЕСТЕРІМІЗ КЕЛІП АУРУХАНА ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Көпбейінді облыстық ауруханаға бір топ білікті мамандар арнайы іс-сапармен келді. Мақсаты әріптестермен тәжірибе алмасу, ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсету.

Олардың қатарында «Акушерлік, гинекология және перинатология Ғылыми Орталығы» АҚ басқарма төрағасы Гүлфайрус Оразбаева, Қызылорда облысы бойынша акушерлік-гинекология саласы бойынша кураторы Баян Тулегенова, анестезиолог- реаниматолог Ерболат Абдкереев, функционалды инструменталды диагностика бөлімінің дәрігері Эльмира Зацепина, неонатолог дәрігер Умид Альмумамедов бар.

Әріптестер жаңадан ашылғалы отырған 70 керуеттік «Ана мен бала» бөлімінің жасалып жатқан жұмыстарымен танысып, өз тараптарынан кеңестерін берді.

Өз кезегінде жоспарланған Алқа жиналысына қатысып, Гульфайрус Оразбаева баяндама жасады.

Жұмыс барысында Реанимация бөлімінде жатқан босанудан кейінгі анамен, жүкті әйелдің емдері, зерттеулерін қарап, кеңестерін берді.

Әріптестерімізге алғысымызды білдіреміз!