Шеберлік сағаты өтуде

14-17 қарашааралығында көп бейінді облыстық ауруханасында Астанақаласының «Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының» эндопротездеу бөлімшесініңмеңгерушісі,жоғары біліктілік санатты травматолог-ортопед дәрігері Тимур Төлегенұлы Байдалин өз шеберлігімен бөліседі. Білікті маман «Ірі буындарды эндопротездеу» тақырыбында және нейротравматологиябөлімшесініңмеңгерушісі жоғары біліктілік санатты дәрігер-нейрохирург Мұрат Умирханұлы Байдарбеков «Омыртқаның жарақаттарын хирургиялық емдеу» тақырыбындадәрігерлерге шеберлік сағатын өткізуде.

Кәсіби мамандар қараша айының 17 жұлдызына дейін,түрлі отаға қатысып,дәрістер өтеді.