РЕВМАТОЛОГИЯ: ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ
Қазақстан Республикасының бас штаттан тыс ревматологы Тоғызбаев Ғалымжан Асылбекұлы және Қызылорда облысының бас штаттан тыс ревматологы Сапарбаев Серікбол Өзенбайұлы көпбейінді облыстық ауруханасының жаңадан ашылған ревматология бөлімшесінің жұмысымен танысты.
Сапар барысында бөлімшенің қызметіне оң баға беріліп, оның кәсіби деңгейі жоғары екені атап өтілді. Сонымен қатар жұмысты одан әрі жетілдіруге бағытталған ұсыныстар беріліп, алдағы даму бағыттары айқындалды. Арал ауданымен телемедицина арқылы кәсіби байланыс ұйымдастырылды.
Мамандар пациенттермен жеке кездесіп, клиникалық жағдайларды қарап, кәсіби медициналық кеңестер мен ұсынымдар берді. Кездесу соңында ұжымға кәсіби табыс тілеп, жылы лебіздерін білдірді.
Мұндай кәсіби деңгейдегі жұмыс сапары тәжірибе алмасу мен саланың өзекті мәселелерін бірлесе талқылауға мүмкіндік беретін маңызды алаң екені атап өтілді. Сонымен қатар, бұл кездесулер жаңадан ашылған бөлімшенің жұмысын жетілдіруге, медициналық көмектің сапасын арттыруға және науқастарға көрсетілетін қызметтің тиімділігін одан әрі күшейтуге ықпал ететіні айтылды.







