​РЕСПУБЛИКА КҮНІН АТАП ӨТТІ

1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы болатын. Сондақтан жыл сайын 25 қазан Республика күнін атап өтеміз. Еліміздің ең маңызды ұлттық мерекесін Көпбейінді облыстық аурухана ұжымы да салтанатты түрде атап өтті.

Мерекелік іс шара ұйымдастырылып, іс шарада ауруханамыздың Құрметті директоры Тұрғанбай Маханұлы және аурухана директорының міндетін атқарушы Жасұлан Болатбекұлы ұжымды мерекемен құттықтады. Белсенді қызмет еткен бірқатар қызметкерлерге Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттар табыс етілді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен «Senim» медицина саласы қызметкерлерінің салалық кәсіподағы республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облысы бойынша филиалы тарапынан «Құрмет граматасымен»:

1. Есмаганбетова Роза Аймаганбетовна- кеңес беру-диагностика бөлімшесінің ультрадыбыстық зерттеу дәрігері,

2. Тасабаев Нургелди Сундетович – оттегі стансасының аппаратшысы

«Алғыс хатымен»:

1. Көбекова Айнур Болатбековна – заңгер,

2. Сеилова Гульсим Пралиевна – автоматтандырылған диспетчерлік байланыс бөлімінің мейіргері,

3. Жакипова Гулжайна Байжановна – кардиореанимация бөлімшесінің тазалықшысы.

Ауруханамыздың алғыс хатымен:

1. Мұратов Дәулет Шәкіратұлы – қабылдау бөлімінің хирург дәрігері;

2. Мухамедалиева Асем Абзаловна – госпиталдық формация бөлімінің менеджері;

3. Сырымбаева Айгерим Утебалиевна – материалдық бухгалтері;

4. Шамшадин Жұлдызай Бахытжанқызы – №2 терапия бөлімшесінің мейіргері;

5. Тилеубекова Багдат Алибековна – №1 хирургия бөлімшесінің мейіргері;

6. Іззатова Айдана Серікқызы – травматология бөлімшесінің мейіргері;

7. Рсимова Акмарал Алибековна – орталықтандырылған клиникалық анықтамалық зертхананың тазалықшысы;

8. Найманова Жанар Ергазиевна – рентген-эндоваскулярлы хирургия бөлімшесінің тазалықшысы;

9. Ыдырысова Жанат Орынбековна – №2 хирургия бөлімшесінің шаруа иесі;

10. Казбеков Марат Жаматович – шаруашылық бөлімінің ағаш ұстасы.

Іс-шара соңы мерекелік концертке ұласты.

Баршаңызды Республика күнімен құттықтаймыз!