ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖИЫРМА ТӨРТ ЖАСТАҒЫ ҚЫЗҒА ҚАЙТА БҮЙРЕК ТРАНСПЛАНТАЦИЯСЫ ЖАСАЛДЫ
Бүгін Қызылордада Көпбейінді облыстық ауруханада күрделі екі ота жасалды. Жиырма төрт жастағы азаматшаға 45 жастағы әпкесі донор болды.
Реципиенттің диагнозы: терминалды бүйрек жетіспеушілігі. Ол ең алғаш 2018 жылы трансплантация жастқан. Ол кезде ағасы донор болған. Алайда науқас пандемия кезінде COVID-19 дертіне шалдығып, бүйрек ауруын асқындырып алып, бүгін екінші мәрте жасатты.
Отаны Көпбейінді облыстық аурухананың директоры, PhD доктор, трансплатолог Жасұлан Баймаханов, директордың хирургия жөніндегі орынбасары Ербол Серікұлы және А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының Бүйрек трансплантациясы, урология және нефрология бөлімшесінің білікті мамандары жасады. Білікті мамандар өз тәжірибесімен еліміздің барлық дәрігерлеріне онлайн шеберлік сағаты арқылы бөлісті.
Операция сәтті өтті.
Қызылорда облысында білікті мамандар артып, күрделі оталар жасалуда. Айта кету керек, бұл аймақтағы бесінші бүйрек трансплатациясы.







