​Қызылордада «А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының» мамандары шеберлік сағаттарын өткізді.

Көпбейінді облыстық ауруханаға «А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының» мамандары келіп шеберлік сағатты өтуде. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы мен «А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» арасында дәрігерлердің біліктілігін арттыру тәжірбие алмасу мақсатында меморандум жасалған.

Білікті мамандар өз салалары бойынша науқастарға кеңес беріп, тексеру арқылы әрі қарай емдеу едістеріне қатысты ұсыныстар берді. Екі күн ішінде өт жолдары сырқаттарына және жүректің ырғағы бұзылуына байланысты 7 күрделі ота жасады.Анестезиология, реаниматология және гипербариялық оксигенация бөлімінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Алматы қаласының штатан тыс бас реаниматолог-анестезиолог дәрігері Тілеуберді Кеңесбайұлы Қуандықов жансақтау бөлімдерінде жатқан науқастарға кеңес берді.

Шеберлік сағаттары Қызылорда қаласының емдеу, алдын-алу мекемелерінің мамандарының қатысуымен өткізілген конференцияға ұласты. Алғаш болып аталған орталықтың басқарма төрағасының орынбасары, PhD, Қаниев Шоқан Ахметбекұлы «А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық хирургия ғылыми орталығының қызметі туралы» баяндама жасап, заманауи технологиялармен жасалып жатқан күрделі оталармен таныстырды. Қызылорда облыстық көпбейінді ауруханасында да заманауи күрделі оталарды жасауға мүмкіндік бар екендігін атап өтіп, бірқатар оталарды енгізуді ұсынды.Ұлттық ғылыми хирургия орталығының «Анестезиология, реаниматология және гипербариялық оксигенация бөлімінің» меңгерушісі Тілеуберді Қуандықов Кеңесбайұлы жедел бас ми қан айналысы бұзылысы бар науқастарды емдеу кезіндегі қарқынды терапия туралы өз тәжірибесімен бөлісті.

Рентген хирургия, интервенциялық кардиология және аритмология бөлімінің меңгерушісі, PhD, Әділ Баимбетов Құдайбергенұлы жүрек ырғағы бұзылған пациенттерді емдеудегі заманауи технологиялар жөнінде баяндады.